jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Республикалық референдум: сағат 12:00-ге дейін қанша қазақстандық дауыс берді

Республикалық референдум
Референдум. Фото: NUR.KZ/Юлия Абрамова

Қазақстанда жаңа Конституция жобасы бойынша өтіп жатқан республикалық референдумда сағат 12:00-ге дейін дауыс берген азаматтардың саны белгілі болды, деп хабарлайды Орталық референдум комиссиясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Орталық референдум комиссиясының мәліметінше, жалпы, сағат 12.00-дегі жағдай бойынша республиканың 4 677 595 азаматы бюллетень алған. Ол тізімге енгізілген азаматтардың – 3 7,54 пайызы.

Азаматтардың уақытша болу орындарындағы 106 учаскеде дауыс беру аяқталған.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес сағат 12.00-дегі жағдай бойынша өңірлерде дауыс беруге келген азаматтар саны:

  • Абай облысы – 41,93 пайыз;
  • Ақмола облысы – 44,66 пайыз;
  • Ақтөбе облысы – 45,73 пайыз;
  • Алматы облысы – 40,41 пайыз;
  • Атырау облысы – 42,29 пайыз;
  • Батыс Қазақстан облысы – 36,59 пайыз;
  • Жамбыл облысы –35,86 пайыз;
  • Жетісу облысы – 43,32 пайыз;
  • Қарағанды облысы – 42,95 пайыз;
  • Қостанай облысы – 37,10 пайыз;
  • Қызылорда облысы – 43,18 пайыз;
  • Маңғыстау облысы – 34,57 пайыз;
  • Павлодар облысы – 36,57 пайыз;
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 41,64 пайыз;
  • Түркістан облысы – 44,13 пайыз;
  • Ұлытау облысы – 36,59 пайыз;
  • Шығыс Қазақстан облысы – 42,88 пайыз;
  • Астана қаласы – 31,23 пайыз;
  • Алматы қаласы – 14,85 пайыз;
  • Шымкент қаласы – 42,59 пайыз;

Азаматтардың дауыс беру учаскелеріне келуі туралы келесі ақпарат 14.00-де жарияланады.

Республикалық референдум: сағат 12:00-ге дейін қанша қазақстандық дауыс берді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.