Шет елде жүрген қанша азамат референдумда дауыс берді: сағат 19.00-дегі жағдай бойынша дерек
Опубликовано:
Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов сағат 19.00-дегі жағдай бойынша шет елде жүрген қанша азамат референдумда дауыс бергені жөнінде ақпарат ұсынды. Бұл туралы Қазақстан Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Референдумда 54 елде орналасқан 71 референдум учаскесі іске қосылған.
"Референдум учаскелерінде дауыс беру үдерісі Астана уақытымен таңғы сағат 03:00-ден бері жүргізіліп келеді. Уақыт айырмашылығына байланысты сағат 19:00-ге дейін шетелдегі барлық учаске ашылып, оның 14-і жабылып үлгерді. Осыған дейін келіп дауыс бергендер саны 9050 адамды құрады.
Сағат 00:00-ге дейін шетелдегі 64 учаске өз жұмысын аяқтайды. АҚШ-тың Сан-Франциско қаласындағы референдум учаскесі ең соңғы болып 16 наурызда Астана уақытымен сағат 08:00-де шетелдегі сайлау үдерісін тәмамдайды", - делінген ресми хабарламада.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2354349-shet-elde-zhurgen-qansha-azamat-referendumda-dauys-berdi-sagat-19-00-degi-zhagdai-boiynsha-derek/