Қазақстанда референдум кезінде тәртіпті өрескел бұзғандар болды ма: ІІМ жауабы
Опубликовано:
Читать на русском
Қазақстан Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев брифинг барысында еліміздегі референдум учаскелерінің ешқайсысында қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу фактілеріне жол берілмегенін мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
Әлекешевтің айтуынша, сайлау комиссияларының, байқаушылардың қауіпсіз жұмыс істеуіне және азаматтардың өз таңдауын еркін түрде жасауына барлық жағдай жасалды.
"Еліміздегі 10 мыңнан астам референдум учаскесінің ешқайсысында қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу фактілеріне жол берілмеді. Қазіргі уақытта учаскелерде дауыстарды санау жұмыстары жүріп жатыр. Жағдай тұрақты және полицияның толық бақылауында. Дауыстарды санау аяқталғаннан кейін полиция қызметкерлері бюллетеньдер мен хаттамаларды өңірлік комиссияларға қауіпсіз жеткізуді қамтамасыз етеді", - деді спикер.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2354408-qazaqstanda-referendum-kezinde-tartipti-oreskel-buzgandar-boldy-ma-iim-zhauaby/