jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

"Шошқа мойын": Ақтөбеде паротит індеті дендеп барады

медицина қызметкері
Медицина қызметкері. Фото: KAZ.NUR.KZ

Ақтөбеде эпидемиялогиялық паротит індеті дендеп барады. Бұл аурудан адамның құлақ бездері мен мойны ісініп кетеді. Сондықтан ел арасында оны "шошқа мойын" деп атайды. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Індет соңғы бес жылда Ақтөбеде тіркелмеген. Тек осы сәуір айында ғана бес адамнан вирус анықталған. Эпидемиялогиялық паротит жұқтырғандардың қызуы көтеріліп, басы ауырып, құлақ маңындағы сілекей бездері үлкейеді. Індет жұқтырған — балалар. Екпе алғанда, мұндай жағдайға тап болмас еді дейді дәрігерлер. Шошқа мойын ауруын асқындырып алғандардың менингит сияқты қауіпті дертке шалдығуы мүмкін. Ол тіпті бедеулікке де әкеледі.

"Облысымызда алғашқы бес жағдай тіркелді. Клиникалық белгілеріне сәйкес, зертханада растау мақсатында жұмыс жүргізілуде. Асқынса, менингит, энцефалит, орхитқа айналуы мүмкін. Болашақта бедеу болып қалуы да мүмкін", - дейді Ақтөбе облысы санитария-эпидемиологияны бақылау департаменті бөлімінің басшысы Гүлфайруз Жұбаева.

"Шошқа мойын": Ақтөбеде паротит індеті дендеп барады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.