jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Шымкентте балабақша қызметкерлері балаларға банан таратып беріп, фотоға түсірген соң жинап алған

балабақша
Шымкенттегі балабақша. Видеодан кадр: instagram.com/egovpress

Желіде Шымкенттегі балабақшада бейнебақылау камерасына түсірілген видео тарады. Видео сипаттамасында балабақша әкімшілігі балаларға банан таратып беріп, фотоесеп берген соң оларды қайтар жинап алғаны жазылған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жарияланған кадрлардан балалардың үстел басында отырғанын көруге болады. Балабақша қызметкері әр балаға бір бананнан беріп жатқаны, ал екінші қызметкер оларды суретке түсіріп жүргені, содан кейін банандарды қайта жинап алғаны байқалады.

Видеоны көрген желі қолданушылары оған пікір қалдырып жатыр.

"Ұят емес пе, сотсыз, тергеусіз жұмыстан шығару керек", "Жаныңа батады. Қараңыздаршы, қабығын енді тістеп үлгерген баладан бананды қалай тартып алған?!", "Сұмдық!", "Үнемі аш, оларға бәрібір аз көрінеді", "Түбіне жетті", - деп пікір қалдырған желідегілер.

Қалалық білім басқармасының өкілдері жазбаға қатысты түсінік берді. Олар шағымнан кейін мектепке дейінгі мекемеде тексеріс жүргізілгенін хабарлады.

"Бейнежазбаны қарап шыққаннан кейін бұл жағдай 2026 жылдың ақпанында болғаны анықталды", - дейді білім басқармасы өкілдері.

Мекеме меңгерушісі мен қызметкерлерінен түсініктеме алынған.

"Бейнежазбадағы бес қызметкердің үшеуі жұмыстан шығарылғаны анықталды", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Бұл фактіге қатысты қалалық білім беру басқармасы полиция департаментіне, білім беру сапасын қамтамасыз ету департаментіне және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне хаттар жолдады.

Құзырлы органдар тиісті шешім қабылдайды.

Шымкентте балабақша қызметкерлері балаларға банан таратып беріп, фотоға түсірген соң жинап алған

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.