Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандағы ең жас қари Қарағандыда тұрады

Опубликовано:

Қазақстандағы ең жас қари, яғни Құранды жатқа білетін бала Қарағандыда тұрады. 12 жастағы Әбду Мәлік - Рамазан айы басталғалы бері облыстық орталық мешітте жамағатты ұйытып Құран оқуда.

Әбду Мәлік арабша оқуды 7 жасынан бастаған. Сауатын ашып болған соң қысқа сүрелерді оқиды. Сөйтіп Құранды үш жылда жаттап алған екен.

"Әбду Мәлікті өзі басынан бірінші күнінен бастап ерекше көрдім. Өйткені баланың зеректілігі, ұқыптылығы, берген тапсырманы сондай бір тиянақты орындайтындығы өте сондай жүрекке жақын қонды. Осында еске сақтау қабілетінің күштілігі бақыланып, содан бірден осы баланы өзіме жақын бауырыма тартым", - дейді ұстаз Ысқақ Әбдірахманов.

Әбду Мәлік Қарағанды өңіріндегі Құранды толық жаттап алған алғашқы азамат екен. Сондай-ақ Қазақстандағы ең жас қари. Мешіт ұжымының айтуынша, ол Құранның кез-келген жерін сұрасаңыз да, мүдірмей іліп алып кетеді екен.

"Қарамай оқи береді. Алдына қойып қояды Құранды, бірақ ол онша қажетсінбейді. Тоқтамай оқып отырғаны, жан-жағына қарап отырып оқи бергені бәрі ол Құранды толық меңгерген деген сөз", - дейді ҚМДБ Қарағанды обл. өкіл иамы Өмірзақ қажы Бекқожа.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/273437-kazakstandagy-en-zhas-kari-karagandyda-tyrady/

pixel