Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астаналық 6-сынып оқушысы Президентке қазақ тілінде хат жазды

Опубликовано:

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Астана қаласындағы №2 мектеп-гимназия оқушысы Александр Влизькодан хат келді.

Автор өз хатын кең байтақ қазақ даласының миллиондаған қазақстандық балаларының атынан бірлік, келісім және татулықты басты құндылық еткен елде тұратынын мақтан еткен, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

"Өз хатын қазақ тілінде жазған 6 "Г" сынып оқушысы А. Влизько елорданы Астанаға көшіргені үшін Мемлекет басшысына алғысын білдіріп, соның арқасында көптеген оқу орындары ашылғанын, онда түрлі ұлттардың өкілдері оқитынын айтқан", - делінген ақпаратта.

Рас, менің тегім сәл басқа. Мен украин ұлтының өкілімін. Бірақ мен өзімді бала күнімнен қазақпын деп сезінемін. Қазақпын деп есептеймін.

"Себебі мен бірлігі мен татулығы, достығы мен туыстығы жарасқан Қазақстанда өсіп келемін. Қазақстанның болашағынан сенемін, осы ел үшін қызмет етуге дайынмын", - дейді Влизько.

Автор өз хатын кең байтақ қазақ даласының миллиондаған қазақстандық балаларының атынан бірлік, келісім және татулықты басты құндылық еткен елде тұратынын мақтан еткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/312443-astanalyk-6-synyp-okushysy-prezidentke-kazak-tilinde-hat-zhazdy/

pixel