Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қытай қазағы 11 топтаманы жаңылмай оқып беретін қалам ойлап тапты (видео)

Опубликовано:

Қытайдағы қандасымыз "Зерек бала" компаниясының директоры Талапқан Пәтіқанұлы 11 дәптерден тұратын топтаманы жаңылмай оқып беретін "Қастерлі қалам" ойлап шығарды.

Қаламның кереметтігі сондай, "Әліппе", "Өлең", "Мақал-мәтел", "Есеп", "Ертегі", "Ұлылардан ұлағат", "Әйгілі адамдар", "Жаңылтпаш", "Жұмбақ", "Білгенге - маржан", "Кел, балалар, оқылық" атты 11 дәптерден тұратын топтаманы жаңылмай оқып береді.

Бізге келіп жеткен ақпараттарға сүйенсек, бұл Талапқан Пәтіқанұлының қазақ балалары үшін жасаған алғашқы жобасы.

Алдағы уақытта "Қастерлі қалам" оқитын 11 дәптердің қатарын жыл сайын арттырып отыру көзделуде, деп жазады kazaitys.kz.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/316801-kytaj-kazagy-11-toptamany-zhanylmaj-okyp-beretin-kalam-ojlap-tapty-video/

pixel