Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көкшетау тұрғыны қазақ "рулары" жазылған монша қалпақтарына шошынды

Опубликовано:

Әр жексенбі сайын жамағайын інісін ертіп, қоғамдық моншаға баратын Көкшетау тұрғыны келеңсіз жәйтқа тап болып, "Алаш айнасына" хат жазыпты.

"Түрлі қызықты әңгімелер тыңдап, рухани байып серпіліп қаламын. Шынын айтайын, моншада жалаңаш еркектердің айтатын үш қана әңгімесі бар. Біріншісі – саясат, екіншісі – ру сұрасып, ата-бабалар жайлы аңыздардан сыр шерту, үшіншісі – (ішіңіз сезеді-ә!) әйел һәм тоқал мәселесі", - деп жазады хат авторы.

Бір жолы рухани байып қайтпақ болып, моншаға барған қала тұрғыны ол жақтың "тұрғындары" бұрынғындай ру сұраспайтынын байқапты.

Оның орнына жалаңаш еркектердің көбі өз руларының аты жазылған бас киім (парда киетін) киіп алған.

"Осы жазушылар, зиялы қауым һәм журналистер руға бөліну, жіктелудің қауіп-қатері жайлы жиі жазады ғой. Сөйте тұра өздері рушылдықтың індетімен ауырып, бір-бірінің аяғынан шалып жататыны бар. Моншадағы әңгімелерге құлақ түргенде білгенім, біздің шенеуніктер де рулық қатынастарға баса мән береді-міс. Қарны қампиып, "шүметейі" салпиып, басына Жалайырдай қасиетті адамның аты жазылған тақия киіп, кірін езіп отыру қазақтыққа сай ма?", - деген сауал тастайды көпшілікке хатты жолдаған азамат.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/316911-kokshetau-tyrgyny-kazak-rulary-zhazylgan-monsha-kalpaktaryna-shoshyndy/

pixel