Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Имам ұмытып ас жеп қойғандардың оразасы туралы түсіндіріп берді

Жарияланған күні:

Ораза ұстап жүрген адам ұмытып тамақ ішсе, су ішіп қойса, ораза бұзыла ма? Бұл сұрақ ораза ұстап жүргендер тарапынан жиі қойылады.

Осыған байланысты "Әзірет Сұлтан" мешітінің наиб имамы Бақытжан Өткелбаевтың жауабын ұсынады Bnews.kz muslim.kz сайтына сілтеме жасап.

"Қасиетті Рамазан айында ораза ұстаған адам егер ұмытып, білместіктен оразасын бұзып қойса, яғни ішіп-жеп қоятын болса, ол оразасын сол күнге дейін ұстау керек, жалғастыру керек. Және қаза болған оразасына Рамазан айы біткеннен кейін бір күн қаза оразасын тұтады", - деп түсіндірді наиб имам.

"Пайғамбарымыз ( с.ғ.с.) өзінің хадис-шарифінде былай дейді: "Кімде-кім оразасын ұмытып бұзып қоятын болса, ішіп-жеп қоятын болса, ол оразасын соңына дейін жалғастырсын. Өйткені Алла Тағала оны ішіп, жегізген", - дейді. Ал егер кімде-кім ұмытып оразасын бұзып қойғаннан кейін: "менің ақыры оразам бұзылды" деп ішіп-жейтін болса, ол күнәлы болып саналады. Және оның жазасы 61 күн ораза тұту. Бір күн қазасын және 60 күн жаза ретінде қасиетті Разаман айынан кейін өтейді", - деді Өткелбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/320176-imam-ymytyp-as-zhep-kojgandardyn-orazasy-turaly-tysindirip-berdi/