Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тәжияқовтың адвокаттары оның кінәсіздігін дәлелдейтін дәйектер келтірді

Опубликовано:

АҚШ-та Азамат Тәжияқовқа қатысты сот ісіне бүгін соңғы нүкте қойылады деп күтілуде. Егер 12 алқа би мен 6 судья жерлесімізді "Жохар Царнаевтың сыбайласы" деп тапса, ол кемі 25 жылға түрмеге тоғытылуы мүмкін деп хабарлайды КТК арнасы.

Ал кеше айыптаушылар мен қорғаушылардың сөз жарысына кезек берілді. Процеске шақыртылған куәгерлер жауабының дені Тәжияқовты ақтағанына қарамастан, прокурорлар айыптарын өзгеріссіз қалдырды.

Ал отандасымызды қорғаған 6 адвокат Азаматтың кінәсіздігін дәлелдейтін біршама дәйек келтірген. Ең бастысы – Федералдық тергеу бюросының қос агентінің өтіріктері шығып қалғандықтан Тәжияқовқа қатысты оң шешім қабылдануы мүмкін.

"Таңертең бірінші прокурорлар сөйлесті. Өздерінің айғақтарын келтірді. Сол бұрнғы ескі әні. Сосын біздің адвокаттар сөйледі. Олар нақты 14 дәйек келтірді", - дейді Азамат Тәжияқовтың әкесі Әмір Исмағұлов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/322426-tezhiyakovtyn-advokattary-onyn-kinesizdigin-deleldejtin-dejekter-keltirdi/

pixel