Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Солтүстік Қазақстан облысында халық саны азайып барады

Опубликовано:

Солтүстік Қазақстан облысында халық саны азайып барады. Тек соңғы жарты жылда бұл көрсеткіш 0,3%-ға төмендеп, қазір облыста 574 мың адам қалған.

Статистика мамандарының мәліметінше, теріскей демографиясы кері кету үрдісіне тап болды. Халық саны 2008 жылдан бері азая түскен. Құзырлы орган өкілдері мұны ішкі миграцияның белең алуымен түсіндіріп отыр.

Өткен 6 айда облысқа қоныс аударғандар саны 5 мың 75. Олардың басым бөлігі Моңғолиядан келген оралмандар. Ал көшіп кеткендер 6 мың 996 адам. Олардың басым бөлігі елдің орталық аймақтарына қоныс аударыпты.

Статистика департаменті басшылығының пікірінше, жастардың жағдайын дұрыстау керек. Сол кезде тұрғылықты халық саны артады. Сондай-ақ, оралмандардың басым бөлігін елдің солтүстік аймақтарында қоныстандырған абзал.

"Үстіміздегі жылдың қаңтар-маусым айлары бойынша өңірдің миграциялық сальдосы теріс көрсеткішке ие. Көшіп кеткендердің саны келгендерден гөрі 1921 адамға көп. Басқа жаққа қоныс аударғандардың 82 пайызы ішкі миграцияға жатады. Ал өзге елдерге 1193 адам көшіп кеткен. Жалпы, облыстағы туу көрсеткіші жаман емес. Биылғы нәрестелер саны, дүние салғандармен салыстырғанда, көп. Демек, облысымыздағы халық санының азаюына негізінде миграция себеп", - деді Солтүстік Қазақстан облысы статистика департаменті жетекшісінің орынбасары Гүлзиян Ізбасова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/326130-soltystik-kazakstan-oblysynda-halyk-sany-azajyp-barady/

pixel