Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Теміртаулық әйел күйеуінен өш алу үшін 4 жасар баласын жаралады

Опубликовано:

Қарағанды облысының Теміртау қаласында 27 жастағы әйел адам өзінің 4 жасар ұлын күйеуінен өш алу үшін екі рет пышақтап алды деп хабарлайды Қазақпарат, қаланың прокуратурасына сілтеме жасап.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. "27 жастағы әйел Қылмыстық кодекстің 103-бабы бойынша сотталды. Оған бұл шешімді орындаудың мерзімін ұзартты, себебі оның 4 жасар ұлына қарауы керек. Күйеуімен жанжал кезінде әйел ұлын екі рет пышақтап алған - иығы мен кеудесіне. Абырой болғанда, бала аман қалды", - деді Теміртау прокуратурасында.

Қадағалау органының мәліметтері бойынша, жыл басынан бері Теміртауда ересектердің қылмыстық әрекеттерінен 80 бала мен жасөспірім зардап шеккен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/326243-temirtaulyk-ejel-kyjeuinen-osh-alu-yshin-4-zhasar-balasyn-zharalady/

pixel