Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысының әкіміне Тараздың кіре берісінде тұрған сөздер ұнамады

Опубликовано:

Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев Тараздың кіре берісінде тұрған Фирдоусидің: "Мөп мөлдір көздің қарасын, Тараздан ғана табасың" деген сөзін алдырып тастағалы қоғамда үлкен шу туып жатыр.

Өйткені Абайдың өзі "Науаи, Сағди, Фирдоуси" деп медет сұраған шығыс шайырының бұл сөзі қаланың қаншама ғасырлық тарихынан хабардар ететін дейді көпшілік. Ал оның алынуына айтыскер бір ақынның "Фирдоусидің сөзі Тараздың қыздарының жарнамасы сияқты" дегені себеп болған.

Шығыс шайыры Фирдоусидің "Мөп-мөлдір көздің қарасын, Тараздан ғана табасың" деген сөздері жазылған тақта Таразға кіре беріс қақпаға Амалбек Тшанов Жамбыл облысын басқарып тұрған кезде ілінген. Бірақ киелі қаланың кіреберісіне қойылған сол бір өлең жолдары Таразда өткен республикалық айтыстан соң әп-сәтте алынып тасталды.

Бұған ақын Біржан Байтудың:Құлақ түрсе Тараздың саналы елі.Қалаңның қақпасында тұрған жазу,Сан ойға жетеледі жаңа мені."Мөлдір көздің қарасын,Тек Тараздан табасың" дегенді көз шалар еді.Қыз іздесең Таразға кел дегендей,Көңілге күдікті ойды салар еді, - деп, өзгелерге Тараздың қыздарын жарнамалап тұрғандай деп Фирдоусидің сөзін сынға алғаны себеп болды.

Ал Көкірекбаев мырза айтыскер ақынның сөзін екі етпеді. Сахнаға шығып, бүкіл халық көзінше қала әкіміне ол сөзді алып тастау туралы тапсырма берді.

Осы айтыстан соң-ақ ақынның айтқаны мен облыс әкімінің бірден шығарған шешімі туралы қарсы пікірлер мақала болып жарияланып, ғаламтор беттерінде да жарық көре бастады. Ал Тараз халқы әкімнің бұл ісін түсінбей дал. Кейбірі қақпаға қайтадан шығыс шайырының сөзі ілінсін деп талап етеді.

Ал әкімдіктегілердің айтуынша, Біржан Байтуға дейін-ақ, өздері де сол сөзді ауыстырғалы отырыпты.  Ал Кәрім Көкірекбаевтың тапсырмасы тек айтыспен тұспа-тұс келіп қалды деп ақталады.

Бұл өзгерісті қаланың бас жоспарымен байланыстырып, әлі кіреберістен бастап бәрі өзгереді деген әкімдіктің айтқаны мен істеген ісін салыстыратын күндер де алыс емес.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/326892-zhambyl-oblysynyn-ekimine-tarazdyn-kire-berisinde-tyrgan-sozder-ynamady/

pixel