Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандағы ең үлкен сұранысқа ие мамандықтар аталды

Опубликовано:

Инженерлер мен дәрігерлер - Қазақстанның еңбек нарығында сұранысы жоғары мамандықтар. Бұл туралы "Ел қанаты" қоғамдық қорының төрағасы Асылбек Жақыпқа сілтеме жасаған Қазақпарат хабарлайды.

"Маусым-шілде айларында "Ел қанаты" қоғамдық қоры жұмыс берушілердің сұранысына қатысты әлеуметтік сауалнама жүргізді. Оған Қазақстанның 16 өңірінен 200-ден аса жұмыс беруші тартылды. Сауалнама көрсеткеніндей, инженерлер (13,8%) мен дәрігерлер (12,8%) - Қазақстанда сұранысы жоғары мамандықтар. Одан кейін педагогтар (10,1%), бағдарламашылар (7,4%) және құрылысшылар (6,4), маркетологтар (6,2%) келе жатыр", - деді "Ел қанаты" қоғамдық қорының төрағасы Асылбек Жақып.

Сонымен қатар сәуір-маусым айында түлектер арасында мамандықтарды таңдауға қатысты сауалнама өткізілген. 2000 оқушы қатысқан сауалнамада анықталғанындай, олардың арасында техникалық ғылымдар мен инженерлік (20,5%), медицина (19,8%), экономика (13%), заңгерлік (6,1%), мемлекеттік және жергілікті басқару (6,1%) мамандықтарына түсуге ниеттенгендердің қарасы көп.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/328430-kazakstandagy-en-ylken-syranyska-ie-mamandyktar-ataldy/

pixel