Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы гей-клуб шулы суретті жасаған компанияны сотқа бермек

Жарияланған күні:

Күй атасы Құрманғазы мен Пушкинді сүйістіріп сурет салуға тапсырыс берген Алматыдағы бағыты басқа түнгі клубқа қатысты шу әлі басылмады. Олар өздерін гейлер жиналатын орда деп атағандарды түгел сотқа береміз деп бұлқынды.

Көгілдірлер көп келетін орынның тұрған жері негізінен Ұлттық ғылым академиясына тиесілі болғаны анықталды деп хабарлайды КТК арнасы. Сол маңдағы тұрғындар мен ғалымдар болса "гей-клуб әбден жынымызға тиді, бірақ қанша арыздансақ та жауаптылар жұмған ауыздарын ашар емес" дейді.

Сорақысы сол, Құдай атқан жерге келетіндердің қатары тәулік сайын көбейіп барады. Бұл іштегі есерлік қана, таң ата көгілдірлер тысқа шығып адамның құлағы естіп, көзі көрмеген қылықтар қылады екен. Қапталға қоныстанған қараша "клуб жабылсын" деп қанша арызданса да, нәтиже жоқ."Олар түнімен клуб ішінде ішіп, есірткі шегіп таң ата далаға шығады. Осы жерде айқайлап ән айтып кейбірі төбелесіп жатады. Өздеріңіз естігендей, қалғандары далада жігіт пен жігіт, қызбен қыз болып жыныстық қатынасқа түседі", - дейді көрші болу "бақыты бұйырған" тұрғын Данияр.

Бұл мекен-жайда Ұлттық Ғылым Академиясы да бар. Ғалымдар жынысынан жаңылғандармен амалсыз көрші, кезінде бұл жер өздеріне тиесілі-тұғын.

"Бұл біздің ғылым академиясының төтенше жағдайлар кезінде қорғанатын жері еді. Кейін сатылып орнына мейрамхана  ашылады деді. Біз қарсы шыққасын құрылыс тоқтады. Аз уақыттан соң қызу құрылыс басталып мына ғимарат тұрғызылды, сөйтсек бұл гей-клуб екен. Масқара ғой, қарсы шықсақ та ешкім бізді тыңдамайды", - дейді Экономика институтының бас ғылыми қызметкері Олег Егоров.

Көгілдірлердің көптігі кімге пайда екені беймәлім, әйтеуір адамдардың арызына құлақ астырмас қорғаушылары бары аңғарылады. Өйткені қос ұлттың   ұлыларын масқаралаған орталықтың мұртын балта шапқан жоқ.

Ал қос ұлының атындағы көшелердің қиылысында орналасқан клубтың басшысы бұл сорақы суретке қатысымыз жоқ деп ақталды. Өздері жағаларын ұстап отыр екен.

Бірден айта кетейін, бұл суретке біздің клубтың ешқандай қатысы жоқ. Ғаламторда айтылғандай тапсырыс берген біз емес. Жарнама жасаушылар демалыс орнының абыройын төкті

"Бірден айта кетейін, бұл суретке біздің клубтың ешқандай қатысы жоқ. Ғаламторда айтылғандай тапсырыс берген біз емес. Жарнама жасаушылар демалыс орнының абыройын төкті, қазір біз суретті жасаған жарнама компаниясын сотқа бермекпіз. Және Құрманғазы мен Пушкинді біздің клуб ешқашан бұлай масқараламас еді", - дейді клуб директоры Мария Бельская.

Даласын ластап, баласын мазақтап, бабасын масқаралаған гей-клубтың қызметі өрістемесе кеми қоймаған. Еркегі еркегін, қызы қызын аймалап жататын мекеменің әкімшілігі болса өздерін көгілдірлер орталығы дегендерді сотқа береміз деп дөң айбат шегіпті.

Битке бола тонын өртер ешкім жоқ бірақ, қапталдағы көршілері бірауыздан бұл гей-клуб деп әшкереледі. Айтпақшы ұлттың намысына түкіріп арсыз сурет салдырғандардың істері майшаммен қаралмақ, оларды құқық қорғау орындары жауап алуға шақырыпты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/328575-almatydagy-gej-klub-shuly-suretti-zhasagan-kompaniyany-sotka-bermek/