Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астаналық батыр ана оныншы баласын босануға өз көлігімен барған

Опубликовано:

Тоғыз құрсақ көтерген астаналық көп балалы батыр ана Ұлданай Әлімбаева оныншы баласын босануға перзентханаға жедел жәрдеммен емес, рөлге өзі отырып, көлігімен барған.

Аман-есен аяқ-қолын бауырына алған келіншек, дәрігерлердің қарауында тек бір күн ғана жатты, деп жазады "Астана ақшамы" газетінің тілшісі Әділбек Жапақ.

"Астаналық Ұлданай Әлімбаева оныншы перзентін аман-есен босанды. Дүниеге келген шекесі торсықтай ұлдың есімін Жангелді деп қойыпты. Сәбидің салмағы - 4 келі 700 грамм, бойы - 58 сантиметр. Дәрігерлер ананың да, нәрестенің де денсаулығы өте жақсы дейді. Ең қызығы, тоғыз құрсақ көтерген астаналық көп балалы батыр ана Ұлданай перзентханаға босануға жедел жәрдеммен емес, өзі рөлге отырып, көлігімен барды. Ал, Жангелдіні қырқынан шығарған соң, жұмысқа кірісемін деп жоспарлап отыр", дейді басылым тілшісі.

Айта кету керек, "Астана ақшамы" газеті "Күнде кездесе бермейтін кейіпкер" айдарымен көп балалы отбасы туралы басылымның 7 тамыз, 2014 жылғы №87 санында "Ұлың болсын оншақты, қызың болсын моншақты" деген тақырыпта арнайы мақала арнаған болатын.

Онда "Астана палау орталығының" иесі Ұлданай Әлімбаева мен оның жолдасы Әбдікәрім Әлімбаев отбасы туралы кеңірек жазылды.

"Астанаға 2004 жылы көшіп келген едік. Әбдікәрім кішігірім құрылыс фирмасын құрып, қаланың көркеюіне атсалысуда. Төрт баламен келдік, келгелі бес құрсақ көтердім", - дейді сұхбатында ісмер, кәсіпкер келіншек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/329239-astanalyk-batyr-ana-onynshy-balasyn-bosanuga-oz-koligimen-bargan/

pixel