Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Зейнеп Ахметова қазақ тойының сценарийін өзгертуге шақырды

Опубликовано:

Қазақ тойының сценарийін өзгертетін кез келді. Шымкентке отбасы күні мерекесіне орай арнайы келген жазушы, салт-дәстүрді насихаттаушы Зейнеп Ахметова осылай деді.

Қазақтың батыры — Бауыржан Момышұлының келіні өз салтымыздан жерініп, өзгенікіне жерік болып жүргендерге сабақ болар тәлім айтты. Ұлт жанашыры өзгелерден үйренген өрескел қателігімізді жоюдың өзіндік жолдарын да сөз етті деп хабарлайды жергілікті Отырар арнасы.

Салт-дәстүр, тәрбиеге қатысты жазған еңбектерін енді Зейнеп Ахметова ғаламтор арқылы жастар арасында таратуды жоспарлап отыр. Ұлттық тәрбиені ұрпақтың санасына сіңіріп, жастардың жүрегіне жеткізудің жолы осы дейді жазушы.

Әйтпесе ұзатылар қыздың үкіні сіңлілеріне беретін әдемі дәстүрін құрбыларына гүл лақтырумен алмастыруы әдетке айналып барады. Ата-бабамыз қалдырған ұлттық мұраны жалғастыру өз қолымызда дейді Зейнеп апа.

Зейнеп Ахметова, сондай-ақ, ер жігіттер тәрбиесіне қатысты да өмірден өз түйгенін айтып берді. Батыр Бауыржан Момышұлындай тұлғаның келіні болуы өзінің тәрбиелі ұл өсіруіне ықпал еткенін де жасырмады.

Батыр Бауыржан Момышұлының келіні сапарын атасының ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым етумен бастағанын айта кету керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/329979-zejnep-ahmetova-kazak-tojynyn-sczenarijin-ozgertuge-shakyrdy/

pixel