Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Серік Сәпиев бақытты отбасы болудың құпиясын ашты

Жарияланған күні:

Серіктің жан жары Мөлдірмен бас қосқанына 9 жыл уақыт өтіпті, қазір олар үш қыз өсіріп отырған жанұя. Сәпиев кемінде бес баласы болуды қалайтынын, үлкен әулеті болғанын ұнататынын айтып өтті.

Әйгілі Олимпиада чемпионы отбасымен бірге республикалық "Мерейлі отбасы" ұлттық байқауына Қарағанды облысы, Абай қаласынан қатысып, жеңімпаз атанды.

Чемпионды өсірген әке - Жұманғали Сәпиев - құрметті шахтер. Жұбайы Ирина Фоминична - еңбек ардагері, шахтада есепші қызметінде болған. Олар 30 жылдан астам уақыт бойы бір шаңырақтың астында тұрып келеді. Төрт бала тәрбиелеп өсірген, соның бірі - Серік. Олардан төрт немере сүйіп отыр. Бұл интернационалдық отбасында қазақ және орыс ұлтының салт-дәстүрлері сақталады. Ұлағатты ата-ана балаларына түсіністік пен қолдауға иек артатын отбасылық негіздерін дәріптеп отырады."Әрдайым балаларымызға өз-өздерін, ата-аналарын, үлкендерді сыйлау қажет екенін айтып отыратынбыз", - дейді отағасы."Отбасындағы ең басты құндылықтар - өзара түсіністік, өзара қолдау мен көмек", - деп қостады оны жұбайы.Ата-ана ақылын бойына сіңірген балалары да көңілден шыға білді."Мен ананың аяулы алақанын, әкенің асқаралы сүйеуін сезініп өскен жанмын. Маған осындай тәрбие берген ата-анамды қадір тұтамын. Әкем мен шешем әрдайым біздің тату-тәтті болып, бір-бірімізге қолұшын беруіміз керектігін түсіндіріп отыратын. Бақытты отбасы - бұл өзара түсіністікке, достыққа, жайлылықа негізделген отбасы, оның әр мүшесі бақытты болады", - деп атап өтті Олимпиада жеңімпазы Серік Сәпиев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/331393-serik-sepiev-bakytty-otbasy-boludyn-kypiyasyn-ashty/