Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлеуметтік желіде қыздардың ар-намысына тиетін топ пайда болды

Опубликовано:

"Вконтакте" әлеуметтік желісінде ашылған "Курицы и петухи" тобы көпшілік қыздардың ашуын туғызуда.

Бұл туралы NUR.KZ хабарлайды.

Ақтөбеде ашылған бұл топқа мыңнан аса ер адамдар мүше. Бұл топтың басты ерекшелігі – қыздардың суретін қойып, ойына келген сөздерді жазып, талқылайтындарында.

Бейресми мәлімет бойынша, қыздарды қаралайтын, нәзік жандыларға түрлі балағат сөздерді арнайтын бұл топ үш жылдан бері жұмыс істеп келеді.

Атын өзгертіп айтуды өтінген Айнұр есімді қыз байқаусызда әлеуметтік желідегі осы топқа кіріп көрген. Көп күттірмей оның суреті топ парақшасында пайда болып, топқа мүше жігіттер оның ар-намысына тиетін түрлі балағат сөздер жазыпты.

"Вконтакте" желісіндегі адамның ар-ожданына тиісетін мұндай топты тәртіп сақшылары құрықтамай отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/332513-eleumettik-zhelide-kyzdardyn-ar-namysyna-tietin-top-pajda-boldy/

pixel