Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қала деген статусы бар Қазалының келіншектері жолда босануға мәжбүр

Жарияланған күні:

Қызылорда облысындағы Қазалы қаласында перзентхана жоқ. Толғақ қысқандар мұнда 18 шақырым жердегі аудандық перзентханаға барып босанады. Халық тығыз орналасқан өңірде балалар бөлімшесі де жоқ екен.

Ашынған тұрғындар жанайқайын жеткізу үшін құлағалы тұрған ескі аурухана ғимаратының жанына жиналды деп хабарлайды КТК арнасы.Бірнеше баланы тәрбиелеп қатарға қосқан Күнқияш әже Қазалыдағы аналардың бүгінігі жай-күйіне қатты алаңдайды. Мұнда 1999 жылы қалалық перзентхана апатты жағдайда деп танылып, оны жабу жөніндегі сот шешімі шыққан. Ал Қазалыға қала дәрежесі берілгенімен, халқының жағдайы қалалықтарға ұқсамайды.Айта кетсек, Қазалының қала деген статусы бар. Ал Жетінші арнаға тұрғын Күнқияш Рамберлина хабарлағандай, бұл "киелі роддомымда" аймақ басшысы Қырымбек Көшербаевтың өзі туылған.

Бір кездері аймақтағы тұрғындарға түгел қызмет көрсеткен қалалық ауруханада қазір мамандар жоқ. Қысқартудан кейін оның орнында шағын емхана қалған. 15 жылдан бері жүкті әйелдер Әйтеке би кентіндегі аудандық ауруханаға сабылып жүр. Екі араның қашықтығы – 18 шақырым."Ана мен баланың денсаулығын жақсартыңдар дейді. Біз халықтың санын қалай көбейтеміз? Әйелдер жарты жолда босанып қалып жатыр. Екіқабат әйелдің баласы ішінде өліп қалып жатыр. Қаланың әкімі неге келіп халықтың жағдайын ойламайды?", - Қазалы қаласының тұрғыны дейді Динара Дәстенова.

Аурухананың бас дәрігері Сәндібек Өтегенов ашулы топтан ат-тонын ала қашты. Тіпті тілшілерге оңды жауап беруге де шамасы жоқ."Түсірме, түсірме керегі жоқ. Біз түспейміз, айналайын", - деген сөздермен ғана шектелді.Елде жүзеге асырылған "100 мектеп, 100 аурухана" бағдарламасы Қазалыны айналып өткендей. Тіпті, шағын қалаларды көркейтуге арналған бастама бұл жерге жақын арада жетпейтін тәрізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/335373-kala-degen-statusy-bar-kazalynyn-kelinshekteri-zholda-bosanuga-mezhbyr/