Директор лауазымына ұсынылған үміткердің дипломы жалған болып шықты

Опубликовано:

Павлодар облысында жалған құжат пайдалану фактісі әшкереленді, деп мәлімдеді облыстық ІІД.

Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.

Ауыл клубының директоры лауазына үмітті 53 жастағы азамат ұсынған диплом Ұзынсу ауылдық округының әкімінің күдігін туғызған. Ол бірден Ертіс аудандық ІІБ полиция инспекторына жүгінген.

Арнайы жіберілген сұратуға ЖОО-нан жауап келген. Онда сезікті аталған оқу орнында білім алмаған болып шыққан.

Аталған іс бойынша, Қазақстан Республикасы ҚК 325-бабы 3-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/341167-direktor-lauazymyna-ysynylgan-ymitkerdin-diplomy-zhalgan-bolyp-shykty/

jitsu gif