Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айтыскер ақын Балғынбек Имашев "Алтын домбыра" жеңіп алды (фото)

Опубликовано:

Астанада  "Мәңгілік ел - мұраты" деген атпен "Алтын домбыра" республикалық аламан айтысы мәреге жетті деп хабарлайды Қазайтыс сайты.

Айтысқа барлығы 22 ақын қатысып, финалға 10 ақын жолдама алды. Көрерменнің қызығушылығын тудырған дүбірлі додада танымал ақын Балғынбек Имашев жеңімпаз атанды. Балғынбекке 3 млн теңгеден бөлек, алтыннан құйылған домбыра табысталды.

Бас жүлде, "Алтын домбыра" - Балғынбек Имашев (3 000 000 теңге)

Бірінші орын – Жандарбек Бұлғақов (2 000 000 теңге)

Екінші орын – Еркебұлан Қайназар (1 500 000 теңге)

Үшінші орын – Бекарыс Шойбеков (1000 000 теңге), Айнұр Тұрсынбаева (1000 000 теңге)Осымен үшінші рет ұйымдастырылған "Алтын домбыра" байқауында Мұхтар Ниязов пен Жандарбек Бұлғақовтар жеңімпаз атанған еді. Өз кезегінде Балғынбек Имашев тыңдарманға алғыс айтуды ұмытқан жоқ. "Бекарыс Шойбеков, Жандарбек Бұлғақов және Айнұр Тұрсынбаевалар да бұл жеңіске лайық еді", -деп жазды ол Instagram парақшасында.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/343952-ajtysker-akyn-balgynbek-imashev-altyn-dombyra-zhenip-aldy-foto/

pixel