Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық химик "Еуразияның үздік жас ғалымы" атанды

Опубликовано:

Қазақстандық химик ғалым Ерлан Досжанов "Еуразияның үздік жас ғалымы" сайысында жеңімпаз болды. Конкурсқа ТМД елдерінен келген жүзден астам ғалым қатысты.

Жерлесіміздің жұмысы "Адам экологиясы" номинациясында үздік деп танылды. Ерлан Досжанов - PHD докторы, Жану проблемалары институтының ғылыми қызметкері.

Ғалым жерді мұнай ластануынан тазартудың әдісін ойлап тапқан. Досжанов ол үшін микроағзаларды қолдануды ұсынды.

"Бұл әдіс арқылы топырақты 73-90 пайызға дейін тазартуға болады. Көмірсутектер тотығып, соңында су мен көмірқышқыл газы бөлініп шығады", - деп түсіндірді Ерлан Досжанов.

Айта кетелік, Ерлан Досжанов топырақтың ластануының себебін биохимиялық әдіспен табу жобасының авторы, деп жазады massaget.kz.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/347914-kazakstandyk-himik-euraziyanyn-yzdik-zhas-galymy-atandy/

pixel