Көліктегі медициналық қобдишаның жаңа құрамы жарияланды
Опубликовано:
Автокөліктегі алғашқы медициналық көмек қобдишасының жаңа құрамы жарияланды.
Сонымен, жаңа ережеге сәйкес медициналық қобдишаның құрамына мыналар кіреді:
Сутегі тотығының 3% ерітіндісі зарарсыздандырылған дәке бинтінің түрлі мөлшері;
Медициналық дәке салфеткалар;
таңу пакеті;
медициналық гигроскопиялық мақта;
қан тоқтатқыш резеңке;
бактерицидті, медициналық жабысқақ пластырлар;
эластикалық түтікшелі бинт және зарарсыздандырылмаған медициналық қолғаптар мен доғал ұшты қайшы.
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығы 11 қаңтарда күшіне енеді. Бұл туралы ведмоствоның баспасөз қызметі хабарлады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/348869-koliktegi-mediczinalyk-kobdishanyn-zhana-kyramy-zhariyalandy/