Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе тұрғыны баласына сау бүйрегін берді

Опубликовано:

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Құйлыс ауылының тұрғыны Беркін Бабақбаев дертке шалдыққан қызын құтқару үшін өзінің сау бүйрегін берді, деп жазады Ақтөбе басылымы.

Отбасындағы төрт баланың кішісі Қанағат бес жасынан бастап ауыра бастайды. Дәрігерлер кішкентай Қанағатқа "туабітті бір бүйрегі жоқ" деген диагноз қойып, бақылауға алады. Қанағатқа бүйректің қызметін атқаратын жасанды түтікше қойылған.

Әрбір алты сағат сайын жасанды түтікше арқылы денеге қажетті дәрі жіберіліп тұрады. Бауыр еті баласының осындай халіне алаңдаған ата-ана Ақтөбе мен Астананың арасын жол қылып, қалайда қызының сауығып кетуінің амалдарын іздеген.

Қанағаттың ата-анасы Беркін мен Кәмшатқа дәрігерлердің соңғы кеңесі: "Балаңызды бұл дерттен тек трансплантация ғана құтқарады. Яғни, сау адамның бүйрегін салу керек".

Мұны естіген Беркін өзінің бір бүйрегін беруге келісімін берген. Бір отбасында бір өзі ғана жұмыс жасайтын Кәмшат баласын емдету үшін несие де алған.

Сонымен бірге жомарт жандардың көмектесуінің арқасында өткен жылдың 26 ақпанында Қанағат пен әкесі Беркінге Астана қаласындағы "Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы" клиникасында трансплантациялық ота жасалды.

Астаналық білікті дәрігерлердің арқасында ота сәтті шыққан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/349713-aktobe-tyrgyny-balasyna-sau-byjregin-berdi/

pixel