Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанға қандай автокөліктер кіргізуге рұқсат етілген

Опубликовано:

Кеден Одағы елдерінен машина әкелуге ешқандай шектеу жоқ. Енді кедендік рәсімдеу, акциз жән қосымша құн салығын төлеуді қажет етпейді. Бұл туралы kolesa.kz сайтына сілтеме жасап Baq.kz хабарлайды.

Кеден Одағы елдері (Қазақстан, Ресей, Беларусь) – әкелу және тіркеуге ешқандай шектеу жоқ. Қозғалтқыш көлемі 3 литрден аспайтын автокөліктерге акциз және қосымша құн салығын төлеу, кедендік рәсімдеу талап етілмейді.

Кеден Одағы елдеріне кірмейтін (АҚШ, БАӘ, ЕО, Оңтүстік Корея, Жапония, т.б) мемлекеттерден автокөліктер әкелген кезде міндетті түрде 2007 жылғыдан ескі болмауы қажет.

Сондай-ақ Еуро - 4 экологиялық стандартына сәйкес әрі рөлі сол жақтан басқарылатын машиналар ғана елге кіргізіледі. Ал, оң жақтан басқарылатын машиналардың кіруіне мүлдем тыйым салынған.

Сонымен қатар кемі бір қауіпсіздік жастығы, Isofix балалар орындығы, күндіз жүру шамдары және иммобилайзер міндеттелген. Кедендік баж (көлемі 3 литрден жоғары қозғалтқышты машиналарға) акциздер мен ҚҚС (12%) талап етіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/349752-kazakstanga-kandaj-avtokolikter-kirgizuge-ryksat-etilgen/

pixel