jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Қазақ хандығы туралы сериалда тек отандық актерлер ойнайды

    : UGC

    Қазақ хандығының 550 жылдығына орай қолға алынған сериал 20-дан 10-12 бөлімге дейін қысқарып қалды. Бүгін журналистердің сұрағына жауап берген Мәдениет және ақпарат министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы бұның себебін түсіндірді.

    "Сондықтан, сериал 10 немесе 12 серия болуы мүмкін, бұл мәселе қазір талқыланып жатыр. Яғни, біз осы 10 немесе 12 серияда Керей, Жәнібек хандардан бастап Кенесары ханға дейінгі кезеңді алып отырмыз. Әрине, сондықтан фильм 20 бөлімнен 10-12 сбөлімге қысқарып қалды", - деп түсіндірді министр.

    Сондай-ақ,  сериалдың режиссері  Рүстем Әбдірәш  болуы мүмкін. 

    "Нақты айтсам, бұл фильмге біз шетелден сценарий мамандарын ғана шақырып жатырмыз. Шетелдік режиссер мамандарды да тартуымыз мүмкін. Бірақ, бас режиссер, бас сценарист, бас кейіпкерлердің барлығы қазақстандық мамандар. Сценарийді атақты жазушы Смағұл Елубаев, Тимур Жақсылықовтар жазуда. Бұлардан өзге, "Шыңғыс хан" фильмінің сценарийін жазған азаматты консультант ретінде шақырдық", - деді министр.

    Жалпы, Қазақстанда ең бірінші рет осындай ауқымды тарихи сериал түсірілмек. Басты кейіпкелерді сомдайтын тамаша актерлеріміз де бар.

    "Қазір сериалдың режиссері ретінде Рүстем Әбдірашевтің кандидатурасын қарастырып жатырмыз. Рүстемді өздеріңіз де жақсы білесіздер, оның шығармашылығымен таныссыздар. Оның үстіне, Рүстем тарихи туынды түсіргісі келетінін айтқан болатын. Рүстем Әбдірашпен бірге, Ақан Сатаев та өз ұсынысын білдіріп жатыр", - деді министр.

    Жалпы, министрдің сөзіне сенсек, Қазақ хандығы туралы бұл тарихи туындының бас кейіпкерлері де, бас режиссері мен сценарий авторлары да қазақ елінің азаматтары болады.

    Қазақ хандығы туралы сериалда тек отандық актерлер ойнайды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.