Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда оқушылар жаппай уланып қалды

Опубликовано:

Атырауда 20-ға жуық мектеп оқушысы белгісіз заттан уланып ауруханаға түсті деп хабарлайды КТК арнасы.

Оқыс оқиға Исатай Тайманов атындағы орта мектепте болған. 9-шы және 10-шы сынып оқушылары мектеп фойесінде естерінен танып қалыпты.

"9 сыныптың оқушылары ашық тұрған есіктен спортзалға келген. Барлығы сол спортзалдың маңында болды. Сосын есіктің алдына шыққан кезде киім ілетін қызметкерден бастап уланған. Есік алдынан иісті байқадық. Балалардың бәрін шығарып жедел жәрдем шақырдық", - дейді Исатай Тайманов атындағы мектептің мұғалімі Рауасия Масалимова.

Оқушылардың неден уланғанын қазір тиісті орындар анықтап жатыр. Мектепке адамдардың кіріп-шығуына да тыйым салынған. Бір анығы – оқу ордасы электр қуатымен жылытылады. Яғни газ құбыры тартылмаған.

Прокуратура қызметкерлері оқушылар балалыққа салынып, өздері мектепке алып кірген газ балонынан уланулары мүмкін деген болжам айтып отыр.

Ата-аналар қазір аурухана алдын торуылдап жүр. Ал дәрігерлер жеткіншектердің жағдайы қалыпты, - деп, бір сыпырасын үйлеріне жібергелі отырғанын жеткізді.

"Балалардың тамақтарының жыбырлауы, қышынуы және құсу пайда болған. Қазіргі уақытта балалардың жағдайы орташа деп айтамыз. Бәріне көмек көрсетіліп жатыр", - деді Атырау облыстық балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Орындық Сиплова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/351053-atyrauda-okushylar-zhappaj-ulanyp-kaldy/

pixel