Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әскерде 7 ай ғана борышын өтеген сарбаз психиатриялық емханаға түсті

Опубликовано:

20 жасар Ақжан Қапсамет қазіргі уақытта Алматыдағы психиатриялық емханалардың бірінде ем қабылдауда, деп хабарлайды "7 арна". Жігітті емделуге ақпанның басында ата-аналары әкелген екен. 

Сарбаздың анасы ұлының Астанадағы №5573 әскери бөлімде борышын өтеп жүрген кезінде ақылдан адасқандығын айтады.

"Ол күнде "мама, мен қорқамын, олар мені сабайды" дегенді қайталай береді. Аға сержанттар соққыға алатынын айтты. Жүректен ұрып, тұншықтырғаннан есінен танып отырған. Менің ұлым олардың жаңа шақырылған солдаттардан шаруашылық тауарларына бөлінген ақшалары мен киімдерін тартып алатынын да айтып берді", - дейді Қапсаметтің анасы Жазира Тұмабаева.

Ақжан Қапсаметті Алматыдан шақыртқан. Ата-аналары ұлы әскерге баруды армандаған, барудан ешқашан жалтармаған дейді. Ұлттық гвардияға түскенін мақтан тұтатын. Жігіт 5573 әскери бөлімде нендей жағдайға ұшырағанын ешкім түсіндірмеген.

Ұлттық гвардия жолдаған хатта ата-аналарының ұлын шығарып аларда оның жағдайына қатысты еш шағым болмағаны, жігітті қызметтестері соққыға жыққаны туралы ақпараттың расталмағаны, анасының арызы бойынша қозғалған іс қылмыстық нышандар құрамының жоқтығынан тоқтатылғандығы және қызметтестерінің солдатты ұрып-соғуға қатысы жоқтығы анықталғаны айтылған.

Емханада түсірілген видеода жігіт өз қызметтестерімен болған жайттың бүге-шүгесін баяндап берген.

"Ұрды ғой, ұрды. Бастан ұрды, табуретка кигізді. На полигоне вот так в сердце", - деді жігіт.

"7 арна" тілшісінің "сені не себепті жүректен ұрды?" деген сұрағына Қапсамет өзінің оларға кедергі болғандығынан деп жауап қайтарды.

Сарбаздың ата-анасы әскери прокуратураға жүгініп те қойды. Қылмыстық істің тоқтатылғанына қарамастан, олар істің қайта қаралуын талап етіп отыр.

"Мен тек бір нәрсені сұраймын, жоғарыдағы басшылық бәрін анықтап, кінәлілерді жазаласын. Мен әскерге баламды сау күйінде жіберген болатынмын!", -  деп мәлімдеді анасы.

Ақжан психиатриялық емханада әлі кем дегенде бір ай жатады. Ата-аналары оған дәрі-дәрмектер беріліп, емделу тағайындалғандығын айтты. Ал әскерге оның енді қайтуы екіталай. Жігітті әскери қызметке жарамсыз деп таныды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/358102-eskerde-7-aj-gana-boryshyn-otegen-sarbaz-psihiatriyalyk-emhanaga-tysti/

pixel