Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әскерге барғысы келмейтін азаматтар түрмеге қамалуы мүмкін

Жарияланған күні:

Жұмысшылары әскерге барудан жалтарса, басшылары сол үшін айыппұл төлейді.  Cәуірдің 1-нен бастап әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекске осындай бап енбек.

Жаңа заң турасында серіктестік басшыларының пікірі қандай және әскерге барғысы келмейтін азамат неше жылға дейін түрмеге жабылуы мүмкін?

Он екі мүшесі сау бола тұрып, әскерге барудан жалтарып жүргендер үшін енді жайбарақат өмірдің ауылы алыстайтын сияқты. Өйткені сәуірдің 1-нен бастап еліміздің қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстеріне тағы да жаңашылдықтар енбек.

Соған сай, әскерге барудың орнына түрлі салада еңбек етіп жүргендердің де жағдайы қиындамақ. Себебі, енді кез-келген кәсіпорын басшысы өз мекемесінің жұмысшылары жайлы бар ақпаратты әскери комиссариатқа өткізіп отырады. Ал егер олай етпесе басшының өзі айыппұлдың астында қалмақ.

Қызмет беруші ұйым өздерінің ұйымындағы әскерге шақырту жасындағы жастар туралы дұрыс мәлімет бермесе, ол ұйымның басшысына айыппұл салынады.

"Қызмет беруші ұйым өздерінің ұйымындағы әскерге шақырту жасындағы жастар туралы дұрыс мәлімет бермесе, ол ұйымның басшысына 10 АЕК айыппұл салынады. Ал енді бұл айыппұлдың көлемі ең үлкені 40 АЕК шейін көрсетілген", - дейді Астана қалалық Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары Ғани Артықов.

Қорғаныс істері департаменті қызметкерлерінің мұндай қадамға баруына әскерге шақырылушылардың жалған мекен жай беріп, жылдар бойы жасырынып жүруі себеп болған.

Статистика бойынша азаматтық борышын өтеуі тиіс жігіттер берген мекен жайдың іс жүзінде тек екеуі ғана расталады екен. Сондықтан бұл заңның оң нәтиже беретініне заңгерлер де шек келтірмейді.

"Мекемелердің жетекшілерін жауапкершілікке тарту туралы заңдағы өзгеріс дұрыс шешім деп ойлаймын. Себебі қазір Отан алдындағы жауапкершілігін өтегісі келмейтін жастар көбейіп кетті. Ал егер оларды жауапқа тартып, әскерге баруға міндеттесе, ол өте орынды қадам болар еді. Еліміздің ішкі және сыртқы ахуалын ескерсек біз үшін ол дұрыс шешім болмады", - дейді  заңгер Серік Бегайдаров. 

Заңдағы өзгеріс дұрыс шешім деп ойлаймын. Себебі қазір Отан алдындағы жауапкершілігін өтегісі келмейтін жастар көбейіп кетті.

Тағы бір статистикалық мәліметті келтірейік. Тек Астана қаласы бойынша маусым сайын 12 мыңнан астам азамат әскер қатарына шақыртылады екен. Ал соның тек 2 мыңы ғана борышын өтеуге аттанады. Қалғандары жауапкершілктен жалтарып жүреді не болмаса денсаулықтары жарамсыз болады екен.

Сондай-ақ әскери комиссариат қызметкерлері әскерге барғысы келмейтін азаматтар үшін қылмыстық кодекс бойынша жауапкершілік қарастырылғанын еске салып отыр.

Мәселен, Отан алдындағы борышын өтегісі келмейтіндер 1000 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді, иә болмаса 1 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/362324-eskerge-bargysy-kelmejtin-azamattar-tyrmege-kamaluy-mymkin/