Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-да 7-сынып оқушылары студентке іш киіммен түскен фотоларын жіберген

Опубликовано:

7-сыныпта оқитын екі қыздың ата-анасы Өскемен колледжінің студентін қыздарды әдепсіз фотоға түсіріп, таратты деп сотқа берді. Жігіт қыздармен желі арқылы сексуалды тақырыптарда сөйлескен.

Иллюстративті фото

Бұл туралы YK-news.kz-ке сілтеме жасап, NUR.KZ хабарлайды.

"Шемонаихадағы жігіт 13 жастағы оқушылардың әдепсіз фотоларын түсіріп, таратқаны үшін айыпталып, қылмыстық іс қозғалды", - деп мәлімдеді Шемонаиха ІІАБ.

Алайда тергеу барысында полиция жас жігіттің кінәсіздігін растайтын дәлелдер тапты. Жігіт қыздармен әлеуметтік желі арқылы сөйлесіп отырғанымен, фотоны таратпаған.

“Ол оқушы қыздарды бұрыннан таныған. Әлеуметтік желіде сөйлесіп отырып, қыздарға іш киіммен түскен фотоларын жіберуді сұрағанда, жеткіншектер өздері келіскен”, - деп хабарлады ШҚО ІІД баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Торғаев.

Қыздардың ата-аналары жеткіншектер бос уақытында немен айналысатынын білген соң, жігітті қыздардың порносуреттерін түсірді деп айыптаған. Дегенмен тергеу нәтижесінде студент фотоны қыздардан ала салысымен өшіріп, қыздармен сөйлесуін доғарғаны белгілі болды.

“Тергеу амалдары барысында аталмыш фотолардан порнографиялық белгілер табылмады. Қыздар фотода іш киіммен болса да, ұятты жерлері көрініп тұрған жоқ. Фотоны түсіруге жігіт қатысты болмай шықты. Жеткіншектер фотоға өзін өзі телефон арқылы түсірген”, - деп түсіндірді Бақытжан Торғаев.

Полиция жігіттің бұдан пайда табуға тырыспағанын, фотоларды әлеуметтік желіде таратпағанын, фотоның телефонында шамалы уақыт қана болғанын анықтады. Қылмыстық іс қылмыстық нышандар табылмағандықтан тоқтатылды.

Заңгер Алексей Божков полиция шешімімен толықтай келісіп отыр.

“Оның әрекеттерінде қылмыстық нышандар құрамы жоқ. Ол фотоны өшіріп тастаған. Фотолардан порнографиялық белгілер табылмады. Қылмыстық кодексте порнографиялық фотоларға қатысты екі бап бар. Жігіттің әрекеттері екеуіне де келмейді. Қыздарды да, жігітті де бұл істері үшін ата-аналары өздері жауапқа тартуы керек”, – деп түйіндеді Божков.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/362944-shko-da-7-synyp-okushylary-studentke-ish-kiimmen-tysken-fotolaryn-zhibergen/

pixel