Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астана және Қазақстан митрополиті православтық христиандарды алдағы Пасхамен құттықтады

Опубликовано:

Астана және Қазақстан митрополиті Александр қазақстандық православиелік христиандарды алдағы Пасхамен құттықтады.

"Христостың Жарқын Жексенбі мерекесі – Пасха – барша православиелік христиандар үшін басты оқиға. Бұл күнді салтанаттың салтанаты деп атайды, Біз Христостың өлімді жеңуін мерекелейміз. Әрбір діндар үшін Христос Жексенбісі әлем тарихындағы орталық сәті және жеке басының рухани ұлы салтанаты болып табылады", - деді митрополит сәрсенбі күнгі баспасөз мәслихатында.

Бұл ретте ол діндарларды мұқтаждарға моральдық және материалдық көмек көрсетіп отыруға шақырды.

"Пасха әр адамды осы өмірдегі мақсаты туралы ойлануға шақырады. Біздердің арамызда көмекке, қолдауға мұқтаж бауырларымыз бен қарындастарымыз – соғыс ардагерлері, босқындар, жетімдер мен физикалық қаухарсыз адамдар бар. Игі істер үшін күш-қуатымызды біріктірейік, көмек қолын созайық, оларға сүйіспеншілігіміз бен материалдық көмегімізді берейік. Басқаға қызмет ету арқылы адамда бергенінен алғаны көп болады", - деді митрополит.

Оның айтуынша, Құдайға пасхалық құлшылық еліміздің барша храмдарында сәуірдің 11-нен 12-не қараған түні өтеді.

"Ертеден келе жатқан дәстүрімізше, Құдайға пасхалық құлшылық сенбіден жексенбіге қараған түні өтеді.  Қазақстанның барша храмында діндарлар осы мерекені сәуірдің 11-нен 12-не қараған түні қарсы алады. Біздің қаламыздың бас храмы, Вознесен кафедральдық соборында Құдайға құлшылық 11 сәуір күні кешкі 11 сағатта басталады", - деді митрополит.

Бұл ретте ол Астанада пасхалық құлшылық ету Успен кафедралдық соборында өтеді деді. Ол да 11 сәуірде 23 сағатта басталады, оны Қазақстандағы православиелік шіркеу істерінің басқарушысы Қаскелеңдік аса қасиетті епископы Геннадий басқаратын болады. Одан басқа, митрополит Иерусалимдегі Құдай қабірінің Храмынан Берекелі от Алматыға 12 сәуірде әкелінеді деді.

"Астана, Алматы мен басқа да Қазақстан қалаларына Берекелі отты әкелу игі дәстүрге айналғанын айтқым келеді. Жыл сайын ұлы сенбіде Иерусалимде берекелі от пайда болады. Бұл христиандардың бір кереметі. Дәстүр бойынша берекелі от Алматыдағы Вознесен соборына 12 сәуірде сағат 17.00-де әкелінеді", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/363411-astana-zhene-kazakstan-mitropoliti-pravoslavtyk-hristiandardy-aldagy-pashamen-kyttyktady/

pixel