Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қорғаныс министрлігінің ең сұлу әйелдері анықталды

Опубликовано:

Нәзік жанды әскери қызметкерлер арасында "Батыр арулар" атты республикалық байқау өтіп, жеңімпаздары анықталды. "Батыр арулар" атағына 120-дан астам нәзік жандылар бақсынасты.

Ашық дауыс беру нәтижесінде еліміздің Қарулы күштерінің ең үздік 12 әскери аруы анықталды.

Олар: Мадина Аманжолова, Лунара Баймұхаметова, Мария Власова, Салтанат Ғабдоллашева, Баян Жапарова, Гүлзада Қамашева, Айгерім Қаракүшікова, Бота Қорабаева, Ботагөз Мұсаева, Әсем Сехимбаева, Айдай Үсенова және Әлия Хайруллина.

Байқауға қатысушыларға бүкіл Қазақстан бойынша рекордық дауыс саны жиналды. 255 725 адам нәзік жандылар арасындағы үздікті анықтауға атсалысты. Дауыс беру 1-сәуірден 10-мамырға дейін Қорғаныс министрлігінің сайтында жүргізілген болатын.

Ресми түрде марапаттағанша байқау финалистері далада түрлі әскери жаттығулар мен тәсілдер орындап, әскери дайындық деңгейін көрсетеді. Олар осылай дайындығы жоғары әрі өз ісінің шебері екенін дәлелдеуі тиіс.

Сондай-ақ, байқау жеңімпаздарына кәсіби стилистер қызмет көрсетіп, "Батыр арулардың" фотосын арнайы күнтізбелерге енгізу үшін фотосессия жүргізіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/754979-qorghanys-ministrligininh-enh-sulu-ayel/

pixel