Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда облыс әкімін бопсалағаны үшін "Версия" газетінің редакторы тұтқындалды

Опубликовано:

14 мамырда ҰҚК арнайы тобы павлодардық "Версия" газетінің редакторы Ярослав Голышкинді қамауға алды деп мәлімдеді "Әділ сөз" халықаралық қоры. Редакторға Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаевтан бопсалаушылықпен ақша талап етті деген айып тағылды.

Халықаралық қордың айтуынша, 16 мамырда журналисті 2 ай қамауға алу туралы сот шешімі редакцияға келген. Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі ақпаратты әзірге растамады.

"Ресми емес мәліметтерге сәйкес, "Версияның" редакторына аймақ басшысын бопсалады деген айып тағылды. Бозымбаевтың арызымен соталды тергеу басталды. Оның айтуынша, әкімнің ұлы мемлекеттік резиденция алдында әйелді зорлады деп айыптаған зардап шегушінің видеосын таратпауы үшін редактор аймақ басшысынан 500 мың доллар талап еткен", — делінген қордың хабарламасында.

Павлодар журналистері мемлекеттік резиденция аймағында зорлық болғаны жайлы сыбыстың екі айдан бері айтылып жүргенін алға тартты. БАҚ осы уақытқа дейін құқық қорғаушылар органына аталмыш қылмыс жайлы түсініктеме алуға хабарласумен болған. Алайда, ешқандай ресми ақпарат берілмеді.

"Версия" басылымы "сыбыстар" айдарына аталмыш шенеуніктің ұлы әйелді зорлады деген ақпарат жариялаған болатын деп түсіндірді "Әділ сөз". Ал "Версия" тілшісі Тамара Абубакарова Радиоточкаға Голышкиннің қамауға алынуы жайлы өз ойын айтты.

"14 мамырда павлодарлық "Версия" газетінің редакторы Ярослав Голышкинді 3 күнге қамауға алды. Сенбіде сот шешімімен оны 2 айға қамауға алып, тергеу изоляторына алып кетті. Ақпарат бойынша, ол Қанат Бозымбаевтан ақша сұрап, бопсалаған-ды. Шын мәнісінде, барлығы қала бойынша әкімнің ұлы әйелді зорлады деген сыбыс тарағаннан кейін басталды", - деді Абубакарова тілшілерге.

"Ярослав жеке тергеуін бастап, әлгі зорланған қызды тапты. Біздің білуімізше, ол қыздың сөздерін видеоға түсірген. Мүмкін роликте сол оқиғаның жай-жапсары белгілі болған шығар? Бір апта бұрын Ұлттық қауіпсіздік комитетінен адамдар келді. Бозымбаев комитетке арыз түсірген екен. Басында істе куәгер болып келген Ярослав, кейін түсініксіз жағдайда айыптыға айналды... Ярославтың журналистік зерттеуі - бірінші кезекте әкімге қолайсыз ақпарат. Естеріңізде болса, әкімнің плагиатқа қатысты шуы да бізде жарияланғаны Бозымбаевқа ыңғайсыздықтар туғызған болатын. Біз ешуақытта бопсалаушылықпен айналысқан емеспіз. Голышкиннің де мұндай қасиеті жоқ", - деп сөзін жалғастырды тілші.

"Радиоточканың" мәліметіне сәйкес, Ярослав Голышкин бұрындары "ОКО" заң газетінде жұмыс істеп, зерттеу жүргізуге мамандандырылған болатын. Ол алғаш болып экстремист Мавлади Удугов жайлы, бұрынғы әкім Ерлан Арынның кезінде болған жемқорлық істер жайлы жариялап отырған. Қоғамдағы орнына қарамастан бірталай шенеуніктердің қылмыстарын ашып отырған.

2006 жылдың 13 сәуірінде Ярослав Голышкинге белгісіз екі адам тап беріп, соққыға жыққан. Павлодардағы үйінің қасында болған бұл жайтты Ярослав пен оның әкесі Василий Голышкин қылмыстық топ жайлы тергеу жүргізген қаржы полициясының қызметкері ұрланғаны жөнінде мақала жазғаны үшін кек алу деп түсінген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/760049-pavlodarda-versiya-gazetininh-redakto/

pixel