Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бойжеткендер оңтүстік аймақтардан Алматыға пәктігін қалпына келтіру үшін келеді

Опубликовано:

Бойжеткендер оңтүстік аймақтардан Алматыға пәктігін қалпына келтіру үшін арнайы келеді деп мәлімдеді "Биоритм" орталығының бас дәрігері Гүлнәр Тілеубаева.

Гүлнәр Тілеубаева NUR.KZ тілшісіне қазірде таңсық емес медициналық қызмет – гименопластика жайлы айтып берді.

Тұрмысқа қыз күйінде шығуды маңызды санағанымен, пәктігін сақтай алмаған бойжеткендерге "қыздық пердесін" қайта қалпына келтіру - медицинада гименопластика атымен белгілі - кең белең алуда.

Дәрігердің айтуынша, мұндай ота тек кәмелетке толғандарға ғана жасалады.

"Қыздарға пәктігінен айырылғаны үшін сынай қарайтындар жетерлік. Алайда бойжеткендердің қыздық белгісінен байқаусызда немесе зорланғаннан айырылуы да жиі кездеседі. Әсіресе оңтүстікте ер кісілер қалыңдықтарының пәк болғанына баса назар аударады. Бойжеткендер Шымкент, Тараз, Қызылорда қаласынан гименопластика жасау үшін арнайы Алматыға ағылады. Пәктікке қарайтын жігіттер көбейген сайын, бұл медициналық қызмет түріне де сұраныс көбейе береді", - дейді дәрігер.

Бүгінгі күнде гименопластиканың екі түрі белгілі. Ұзақ және қысқа мезрімді. Ұзақ мерзімді ота "пәктік пердесін" толықтай қалпына келтіргенімен, жалпы наркозбен жасалуына орай, оған сұраныс аз.

Гименопластика жасатуға негізінен 25 жасқа дейінгілер келеді.

"Айына 6-7 ота жасаймыз. Бойжеткендер көбіне неке алдында жасатуға келеді. Нақтырақ айтсақ, жаздың басы, күз, мамырдан-қазанға дейінгі уақыт", - дейді дәрігер.

Ота жасатқандар арасында бөренеге құлап, жарақат алған гимнаст қыздарде бар екен.

"Гимнаст қыздар бөренеге құлап, "пердесін" жарақаттап алғаннан кейін бізден қалпына келтірді. Ота жасатуға анасымен бірге келетіндер де бар. Олар көбіне алданып, жігітпен төсектес болған немесе зорланғаннан қыздық белгісінен айырылғандар",- дейді Гүлнәр Тілеубаева.

Дәрігердің айтуынша, отаның құны Астанада 100 000 теңгеге дейін барады. Ал Алматыда анализдердің шығынын есептемегенде 30 000 теңге.

"Алматылықтар бізге жиі келмейді. Себебі бұл жерде түсінік басқа. Бойжеткендердің білімі жоғары және өздеріне сенімді болғасын дәрігерлерге жүгінбейді... Ал өзге аймақтардағы бойжеткендердің отбасылық бақыты үшін осындай қадамға баруында тұрған ештеңе жоқ деп ойлаймын. Ер кісілер де пәк күйінде үйленіп жатқан жоқ. Қыздық белгісі жоқтар сенімді жар болмайды деген қате пікір", - деп сөзін түйіндеді дәрігер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/766455-boyzhetkender-onhtustik-aymaqtardan/

pixel