ҰБТ-ға "сүйіктісінің" орнына кірмек болған Жәрдемов қызды мүлдем танымайтынын айтты
Жарияланған күні:
Қыз болып киініп, тестке кірген жігіт табан асты сүйіктісін алмастырмақ болған интернет романтигі атанды. Алайда ол шын мәнісінде қызды танымайтынын мәлімеді деп хабарлады КТК арнасы.
20 жастағы Аян Жәрдемовтың қылығы әлеуметтік желіде қызу талқылануда. Кейбіреуі оны пайда қуған кәсіпкер десе, енді бірі көйлек киюге дейін барған студентті нағыз Мәжнүнге теңеген. Сөйтсе бұл оқиғаға махаббаттың еш қатысы жоқ екен. Мұны тергеушілерге берген жауабында Аянның өзі айтыпты. Тіпті ол қызды танымайтынын айтқан. Ал емтиханға кір деп әлдебір таныстары өтініш жасаған екен.
Бұл жігіт күні кеше ғана күллі жұрттың күлкісіне қалған. Тестке кіру үшін қыз болып киініп, тіпті шаш пен кірпік жалғады. Сол қылығы кешелі бері интернетті дүр сілкіндіріп, талайларды таластырып қойды.
Қыздың өзін комиссия тесттен қуып жіберді. Ал Аянды аяған әлеуметтік желідегі жұрт оған салынған жарты миллиондай айыппұлды өтеуге жаппай қаражат жинауға қызу кіріскен.
Бұл жәйтқа Ұлттық Банк төрағасының бұрынғы кеңесшісі Олжас Құдайбергенов те кәдімгідей қобалжыған. Қалталы азамат қомақты айыппұлды қазір өтеп бермекші. Қулыққа басқан жігітті адвокаттар да қолдап отыр.
"Аянға "бөтен құжаттарды иеленді" деген бап бойынша айып тағылып, ірі мөлшерде айыппұл салынды. Егер ол шын мәнісінде сезімге бой ұсынып, тестке кірген болса, онда ғашықтарды жазалауға негіз жоқ. Өйткені, Кодексте сезім үшін жазаға кесу мәселесі қаралмаған", - деді қорғаушы Ескендір Әлімбаев.
Ал Аянның өзі қазақ-британ техникалық университетінің 3-ші курс студенті екен. Республикалық талай олимпиаданың жүлдегері, одан қалды ақтөбелік "Алтын белгі" иегері боп шықты.
Оқымысты жігіт әлеуметтік желілерде де ақылы қызмет ұсынған. Химия мен тарихты мықты етіп оқытам деген оның хабарламасы әр жерлерде ілінген екен. Дегенмен, "қызым үшін қыз болдым" деп ант-су ішкен жігітке сенгендер қазірде оның махаббат сезімін жан-жақтан насихаттап жатыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/777744-ubt-gha-qyzdynh-ornyna-kirmek-bolghan-zhar/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.