Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық генерал 28 панфиловшылар ерлігі қиял деген мәлімдеге жауап қайтарды

Жарияланған күні:

"Генералдар кеңесі" РҚҰ төрағасы, әділет генерал-майоры Рүстем Қайдаров 28 панфиловшылардың ерлігі қиял деп халықты алдауға болмайтынын айтты.

Бұл туралы "ҚазТАГ"-қа сілтеме жасап NUR.KZ хабарлады.

"28 гвардияшыл-панфиловшылар ерлікпен саны көп жауға қарсы тұрды, оларды өткізбей, соңына дейін күресті. Сол себепті "Ресей — ұлан-ғайыр, бірақ шегінерге жер жоқ – арқамызда Москва!" деген ұран пайда болды. Оның бәрі тарихта қалған және мұны дәлелдейтін құжаттар бар", - деп мәлімдеді Қайдаров 12 маусымда Ресейдің Мемлекеттік архив директоры Сергей Мироненконың мәлімдемесіне жауап ретінде.

Ол Мәскеуді қорғау кезінде 1941 жылдың күз-қыс айларында 2 млн-нан астам адам қаза болғанын алға тартты.

"КСРО республикаларында көптеген дивизиялар құрылған және оның ішінде Қазақстан да болған. Не себепті олай болмады деуде?.. Қазір барлығы тарихты өзгертуге әуес. Меніңше халықты алдаудың қажеті жоқ", - деді генерал.

Еске салсақ, Мәскеудегі Орыс баспасөзінің халықаралық конгресінде Ресейдің Мемлекеттік архив директоры Сергей Мироненко 28 панфиловшылар ерлігін қиял деп мәлімдеген болатын.

"Қиялға сенуді қою керек. Дубосеков түбінде 50 неміс танкілерін тоқтатқан ешқандай да 28 панфиловшылар болған емес. Және "Ресей — ұлан-ғайыр, бірақ шегінерге жер жоқ – арқамызда Москва!" деп Клочков айтты деген де жалған", - деді Мироненко.

Оның ойынша, бұл ұранды "Красная звезда" басылымының әдеби хатшысы Александр Кривицкий ойдан шығарған. Ерлік тарихын да ойдан шығарған.

"Мұны әскери прокуратура 1948 жылдың өзінде анықтаған болатын. Алайда, расымен шегінерге жол болмағасын материалды құпия етті: аңыз елде өз тіршілігін бастап кетті", - деп мәлімдеді Мироненко.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/785868-qazaqstandyq-general-28-panfilovshylar/