Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Осы аптада қазақстандықтар көбірек демалады

Опубликовано:

Шілденің басында қазақстандықтарды 3 күндік демалыс күні күтіп тұр: сенбі мен жексенбіден бөлек, дүйсенбі күні де демалыс болмақ.

Қазақстандықтар сенбі - 4 шілдеде, жексенбі - 5 шілдеде және дүйсенбі - 6 шілдеде демалатын болады. Себебі 6 шілде - Астана күні мейрамы. Бұл мерекені 1998 жылы қала астана атағын алғаннан бері атап келеді.

Бұған дейін аталмыш мейрамды қалалық деңгейде 10 маусымда атап келген еді. Жаңа мерзім – 6 шілдені белгілі себептермен таңдады. Дәл осы күні 1994 жылы Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі астананы Алматыдан Ақмолаға көшіру шешімін қабылдаған болатын.

Сонымен қатар бұл күнде Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күні.

1997 жылы президент Нұрсұлтан Назарбаев астананы Алматыдан Ақмолаға көшіру шешімін түбегейлі қабылдады. 1998 жылдың 6 мамырында Қазақстан президентінің жарлығымен Ақмолаға Астана атауы берілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/805562-osy-aptada-qazaqstandyqtar-kobirek-d/

pixel