Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында "көбелек синдромына" шалдыққан қыз бала дүниеге келді

Жарияланған күні:

Қаскелеңде «Буллезный эпидермолиз» деп аталатын сирек кездесетін тері ауруына шалдыққан сәби дүниеге келді. Бұл дертке шалдыққан баланың терісі үлбіреп кетеді. Яғни көбелектің қанаты іспетті қол тисе «үгітіледі» деп хабарлайды Алматы арнасы.

Дәрігерлер әлі күнге шақалақтың қандай дертке душар болғанын анықтай алмауда. Әзірге оған «Буллезный эпидермолиз» диагнозы қойлыпты.

Кирияки есімді сәби екі апта бұрын дүниеге келген. Бірақ ана қуанышы көпке созылмады. Өйткені дәрігерлер шақалақтың сирек кездесетін тері ауруына шалдыққанын айтады. «Буллезный эпидермолиз» диагнозы қойылған баланы қолда ұстау мүмкін емес екен.

«Қызымды қолыма дұрыстап ала алмаймын. Оны дұрыстап ұстамасың жылайды. Ал өз-өзімен жатса, тыныштанып қалады. Мен қызымды құшағыма алып, құшырлана сүйгім келеді. Бірақ қазір ол мүмкін емес», - деді анасы Раиса Брагина.

Аты жаман ауыруды ашып айтсақ, бұл дертке шалдыққан баланың терісі үлбіреп кетеді. Яғни көбелектің қанаты іспетті қол тисе «үгітіледі».

Дәл мұндай тері ауыруы 50 мың адамда бір-ақ рет кездеседі екен. Мұндайды бастан өткермеген Алматы облысының дәрігерлері осы күнге дейін нақты диагноз қоя алмай келген. Сонымен қатар, екі апта бойы әртүрлі ем қабылдаған.

«Ол қазір облыстық тері диспансерінде тексеруден өтіп жатыр. Ондағы мамандар сәбиге қалай көмектесу керектігін немесе қай жерде ем қабылдау керектігін анықтайды», - дейді Тері-Венерология Ғылыми-Зерттеу институты.

Мұндай дерт елімізде өте сирек кездеседі екен. Сондықтан бірден ем қабылдау қиындық тудырған. Сонымен қатар, Кириякиді емдету үшін шекара асуға анасы Раисаның қалтасы көтермейді.

Қазірдің өзінде дәрі-дәрмектерін әупіремдеп әрең сатып алуда. Мамандар болса, мұндай дерттің бүгінде шипасы табылмағанын айтуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/821012-almaty-oblysynda-kobelek-sindromyna/