Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда құрсағын жалға беру қанша тұрады? (фото)

Опубликовано:

Қазақстанда құрсағын жалға беруші аналар мен олардың қызметіне мұқтаждар күн санап көбеюде. Құрсақ аналардың қызмет ақысы қанша тұрады? Неліктен олардың қатары азаймайды?

NUR.KZ тілшісі Еуразия Бірінші арнасындағы "Кешкі кездесу" бағдарламасына сілтеме жасай отырып, осы сұрақтардың жауабын іздеп көрген еді.

Жатырын жалға беруші аналардың көпшілігі алғаш сөйлескенде өзінің шын есімі мен тегін айтудан бас тартады. Себебі олар қоғамдағы істеріне қарсы көзқарастан ұялады.

Алғашқы кейіпкеріміз 28 жастағы Алматы тұрғыны. Ол өзін Меруерт деп таныстыруды сұрады. Он жылдан астам уақыттан бері аналық жыныс жасушасының доноры болыпты.

"Екі рет құрсағымды жалға бердім. Осындай клиникаларға өз анкетамды қалдырамын. Тапсырма бергісі келетін азаматтар осы жақтан  номерімді алып, хабарласады", - дейді Меруерт.

Бүгінде Меруерт балабақшада тәрбиеші болып жұмыс істейді. Өзінің баласы 8 жаста. Күйеуімен бірнеше жыл бұрын ажырасып кеткен. Донор болып, өзінің аналық жасушасын өзге отбасыға беруін ол аналық сезімінің оянауынан деп түсіндірді. Дегенмен бұл әрекетін отбасына айтпауды жөн көріпті.

"Ата-анама, туыстарыма айтпаған себебім, олар мені дұрыс түсінбеуі мүмкін. Қарсы болуы да мүмкін", - дейді.

Ал дәрігерлер болса, қызметтің мұндай түрін өзгелер талқыға салып, қарсылығын ашық айтқанымен, талай мұқтаж жанға қуаныш сыйлап жатқанын айтады.

"Басқа әйел мен ерлі-зайыптыдан алынған эмбирондарды суррогат анаға, сол құрсақ ананың жатырына салып береміз. Басқа бөтен жанұяның эмбриондарын жатырына салғаннан кейін, көтеру нәтижесінде сол баланы дүниеге алып келетін ананы құрсақ ана деп айтады. Құрсақ ананы іздейтіндер көп. Тіпті көзінің жасын төгіп, тауып беруімізді өтінеді", - дейді акушер-гинеколог Ақерке Бақтиярқызы.

Әлемдік тәжірибеге сүйенсек, алғаш рет құрсақ ананың қызметі іс жүзінде 1980 жылдары АҚШ-та көрсетілген көрінеді. Ал Қазақстанда жатырын жалға беру ресми түрде 1998 жылы Қазақстанның "Неке және отбасы" туралы заңында бекітілген. 1999 жылы елімізде суррогат ананың бірінші бағдарламасы жүргізілген. Алайда бұл бағдарламаның құны да арзан емес.

"Қолдан ұрықтандыру әдісі 600-700 мың теңгені құраса, 600-700 мың теңгенің ішіне толық қолдан ұрықтандыру әдісі, сосын дәрі дәрмектердің бағасы, сонымен қатар ерлі-зайыптыларды тексеру, зерттеу анализдері кіреді. Ал егер де құрсақ ананың көмегіне жүгінетін болса, бұл бағдарлама миллион теңгенің көлеміне барып қалады", - дейді акушер-гинеколог Ақерке Бақтиярқызы.

Заң бойынша, құрсақ ананың жас мөлшері 20-35 жас аралығында болуы тиіс.

Денсаулығында кінәраты жоқ, өз балалары бар болуы тиіс. Және ешқандай эмоцияға берілмеуі керек. Сонымен қатар дәрігерлер бүгінде өз ұрығын сататын ер мен әйел донорларының көбейгенін айтады.

Бір қызығы, қазір қолдан ұрықтандыру әдісінде 5-10 жылға дайын эмбирондарды қатырып, сақтауға болатын мүмкіндік те пайда болған. Әрине ол да ақылы жүргізіледі.

"Ол кезде қатырып тастайды. Сұйық азотпен. Эмбриондарға ештеңе болмайды. Бір жыл болсын, он жыл болсын дегендей. Көп уақыт олар тұра алады. Еріткеннен кейін мүлдем ештеңе болмайды. Содан кейін біз құрсақ ананы, кез келген әйелдің жатырын дайындап, кез келген уақытта сала аламыз оны", - дейді репродуктолог Ләззат Амангелдіқызы.

Алматы қаласының тұрғыны Жанна Ахмедиева құрсақ ана болуына бедеу жұптарға деген жанашырлығы әсер еткенін айтады. Бұл ниетін жергілікті емханаларға білдіргеннен бастап, ұсыныстар шетінен түсе бастаған.

"Мен үшін ол тығырықтан шығудың жолы болды. Барайын, көрейін дедім. Бір клиникаға келдім. Анкетамды жаздым. Содан маған бірден тапсырыс берушілер хабарласа бастады. Мен сегіз рет талпынып көрдім. Тоғызыншы ретінде бала көтеріп, ЭКҰ жасады. Сонымен бала босандым, ер бала. Келісімшарт бойынша біз атын айта алмаймыз", - дейді Жанна Ахмедиева.

Әйел құрсағын жалға бергені үшін ақы алатынын да жасырмады.

"Ол балаға "Аман, сау жүр, жолың ашық, жақсы адамдар кездессін" деп ата-анасына бердім. Бұл үшін көп ақша алады деп ойлайтын шығар адамдар. Бірақ ол олай емес. Алатынымыз келіскенімізге қарай  $10-$25 АҚШ долларының төңірегі", - дейді Жанна.

"Мен құрсағымды жалға бергенде алғаш рет өзімнің туысымның бөбегін дүниеге әкелдім. Ол әрине өзімнің жаным ашығандықтан. Бұл өте сауапты іс деп ойлаймын. Сәбидің шырылына зар адамдарды көргенде жүрегім езіледі. Ал мұндайды  дұрыс емес дейтіндер балаға зар адамның жағдайын түсінбейді. Сондықтан да ақыл айтқыш келеді", - деп ағынан жарылды Салтанат Нығметова есімді құрсақ ана.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/829471-qazaqstanda-qursaghyn-zhalgha-beru-qansh/

pixel