Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақтардың жағымсыз 6 әдеті (фото)

Опубликовано:

Қазақтардың көшпелі халық болып келуі бірталай әдеттерді қалыптастырған болатын. Бүгінде олардың көбі өз мәнісін жоғалтып, айтарлықтай зиянды әдеттер қатарына жатқызылып жүр.

Қазақтардың тезірек арылуы тиіс жағымсыз 6 әдетін comode.kz-ке сілтеме жасап назарларыңызға ұсынамыз.

Тамақтанып қойғаннан кейін жатып демалу.

Тамақтанып алғаннан кейін жатып демалу тамақтың қорытылуын айтарлықтай бәсеңдетеді. Бұл зиянды әдеттің салдары жақсы емес: қыжыл, асқазандағы ауырлық пен ауырсыну, кекіру.

Жатқан күйде тамақ баяу қорытылады. Ұйықтап қалған болсаңыз, май жинауыңыз да ғажап емес. Бірден жата кетуге асықпай 20-30 минут жүре тұрғаныңыз абзал. Бұл тамақтың тез қорытылуына септігін тигізеді.

Етті күн сайын жеу.

Етті күн сайын 108 граммнан артық жеген адам қант диабетіне шалдығуы мүмкін. Мұндай қауіпті әсіресе шошқа еті мен сиыр еті төндіреді. Ет жеген кезде қанда темірдің мөлшері бірден жоғарылайды.

Бұл үдеріс қант деңгейін түсіретін инсулиннің жұмысына кедергі келтіреді.

Сорпаны айранмен бірге ішу.

Тұзды сорпа мен қышқыл айранды бірге ішу дәмдірек көрінгенімен, бұл гастрит және өзге ішек жолдарының сырқатына шалдыққандарға қауіпті саналады.

Айранның қышқылдық деңгейі жоғары. Ал майлы сорпа организмге түскенде, ішек арқылы тез арада сіңе бастайды. Сол аралықта бауыр ет бөлшектерін белсенді түрде қорытуға үлгермей, сорпа ыдырамаған уға айналады.

Бас киім мен күннен қорғайтын көзілдіріктерді кимеу

Көптеген қазақтардың көзінің қысық келуі - ата-бабаларымыздың ен далада көшпенді тіршілік етуімен түсіндіріледі. Қазақтардың көбі әлі күнге дейін күннің ыстығында бас киім киіп, көзілдірік тағуды ерсі санайды.

Кешігу.

Қазақ тойларының көбі белгіленген уақытынан 1,5-2 сағатқа кеш басталады. Тойға келетіндер елден бұрын жиналып қоюдан қашып, үйінен неғұрлым кешіректеу шығуға тырысады.

Нәтижесінде 6-да жиналуы керек қонақтар кешкі сегізде әзер жиналады. Ертеректе бұлай кешігуге қонақтардың шалғай ауылдардан ағылатыны себеп болатын. Ал қазір бұл шалғайлыққа қарамастан, әдетке айналған.

Жатарда тамақтану.

Бұған дейін қазақ отбасыларында күтпеген қонақ есік қақса, оған ет асып, сыйластық таныту міндетті саналатын. Үлкен қазанға бешбармақ салып, ол бірнеше сағат қайнап, піскенше қонаққа шәй беретін.

Қазірде түнге дейін қонақ күту айтарлықтай жиі көрініс болмағанымен, түнделетіп тамақ жеу әдет болып кеткен. Ұйқы алдында организмге мұндай салмақ түсіру, асқазанның тынығуына кедергі келтіреді.

Салдарынан таңертең өзіңізді жайсыз сезініп, салмақ жинайсыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/840571-qazaqtardynh-zhaghymsyz-6-adeti-foto/

pixel