Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Семейде көк тудың макеті орнатылған балкондарға іш киім іліп тастаған (фото)

Опубликовано:

Семейде көп қабатты үйлердің балкондарына орнатылған мемлекеттік рәміздер мазаққа айналған.  Яғни оған жұрт жуылған киімдерін іліп тастапты.

Онымен қоймай, жергілікті билік дауыл қиратқан макеттерді қалпына келтіріп те үлгермеген деп хабарлайды КТК арнасы. Тіпті қалалық ішкі саясат бөлімі бұл мәселеге қатысты түсініктеме беруден бас тартты.

Ту макеттері әуежайға қатынайтын күре жолдың бойындағы үйлерге орнатылған. Сондықтан мұнда арлы-берлі өтетін жұрттың қарасы да мол.

Алайда көк байрағымызға қараудың өзі ұят. Болкон жекенің мешігі болғандықтан, тудың үстінен семейлік тұрғындар киім- кешектерін іліп қойған. Онда не керектінің бәрі бар.

Ең масқарасы еркіндікті аңсаған қыран мен шуағын шашқан күннің қасында іш киім де тұр. Қаладағы қоғамдық белсенділер мемлекеттік рәмізді бұлай балконға орнатқанның өзі дұрыс емес дейді.

"Енді мен кінәлі авторын білмеймін. Кім ондай шешімге келгенін. Қаланың бір басшылары шығар. Мүмкін архитектура. Оны енді ойлап жасау керек", - дейді «Дом» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Майра Әбенова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/842996-semeyde-kok-tudynh-maketi-ornatylghan-b/

pixel