ОҚО тұрғыны қатерлі ісікке шалдыққан науқастарды кірпінің етімен емдейді
Жарияланған күні:
Оңтүстік Қазақстан облысынан аса қатерлі дертке шалдыққан науқастарды ерекше жолмен сауықтыратын емші табылды. Ол науқастарды кірпі мен жыланның етінен жасалған сорпамен емдеп шығарады екен.
Бұл туралы Замана басылымына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.
Емші Амантай Закиров науқастарды кірпінің етімен қалай емдейтінін айтып берді.
«Емге негізі еркек кірпі жақсы. Уақыт болып жатса, кірпіні өзім аулаймын. Кейде сатып та аламын. Кірпіні бір күн арнайы жәшікте ұстаймын. Алдына бұзаубас, шаян, табылып жатса, жылан тастаймын. Кірпі осындай улы жәндіктерді жақсы көреді. Кірпі қанында олардың уы бір тәулікте тарқап, шипалық күші арта бастайды. Сол кезде кірпіні сойып, үш литр суда жарты күндей ақырын қайнату керек. Кірпі етінің жағымсыздау иісі бар, оны басу үшін аз-аздап сарымсақ, қара бұрыш, пияз қосуға тура келеді. Сосын емделушінің сырқатына қарай қажетті шөп қосамын. Бұл сорпа да жеті күн бойы таңертең, ашқарынға 200 миллиграмм шамасында беріледі. Ол әсіресе бүйрегі мен бауыры ауыратын, қант диабеті, асқазан жарасы бар адамдарға таптырмас ем», - дейді Амантай Закиров.
Ол былтыр асқазанның қатерлі ісігіне шалдыққан 45 жастағы Байқоңыр тұрғынын емдеп шығарғанын айтты.
«Ауру айналдырған бір жылда бірнеше рет айлап ауруханада жатып, тіпті химиялық терапия да алыпты. Бірақ жағдайы күн санап кері кетіп бара жатқанын айтты. Мен жайлы бір таныстарынан естіп келген екен. Ол бір емдік курс қабылдады. Ол жігітпен әлі хабарласып тұрамыз. Қазір жағдайы жақсы, рактан белгі де қалмапты. Әр қоңырау шалған сайын алғыс айтудан жалыққан емес», - дейді Амантай.
Амантай Закиров дертке шалдыққандарды жыланмен қалай емдейтінін де жасырмаған.
«Сақылдақ жылан (гремучая змея) деген бар. Қауіп сезінсе құйрығын жылдам қимылдатып, сақылдата дауыс беріп айбат шегеді. Негізгі мекені – Оңтүстік Африка мен Америка. Оның уы өте өткір, он минутқа жетпей аяқ-қолды сал етіп, өкпені қысып, ана дүниеге аттандыруға қауқарлы. Сол сақылдақ жылан біздің өңірде аз да болса кездеседі. Жаздың соңы мен күздің басында қыстық қоң жинап, ішіне май айналып, терісі жылтырай бастайды. Осы кезде уының уыты да күшейеді. Сол жыланды мен арнайы ыдысқа саламын. Ашулана айбат шеккенде ол шынының арғы жағындағы маған уын шашамын деп бар заһарын алдындағы ыдысқа төккенін білмей қалады. Кейін жыланды босатып қоя беремін де, ол уды арнайы ыдысқа салып сақтаймын. Буыны, құйымшақ, белі, омыртқасы қақсап, тізесін баса алмай қиналатындар, ревматизмнен зардап шеккендер сақылдақ жыланның уынан 1-2 рет теріге сіңдіре уқалай жақса, дертінен тез арада жазылып кетеді», - дейді емші.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/852498-oqo-turghyny-nauqastardy-zhylan-zhane-ki/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.