Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматының әкімі Көк базардағы бағаларды тексеріп шықты (фото)

Опубликовано:

Алматы әкімі Бауыржан Байбек бүгін қаладағы бірнеше базар мен сауда орындарын аралап шықты. Қала басшысы ең алдымен Көк базардағы бағалардың қаншалықты өзгергеніне көз жеткізді.

Бірінші кезекте, Бауыржан Байбек әлеуметтік маңызы бар саналатын азық-түлік жеміс, көкөніс сөрелерін, кейін мектеп құралдары сатылатын орындарды аралап шықты.

Саудагерлер бағаны бұрынғы деңгейде ұстап тұрғандығы айтып сендірді.

Сондай-ақ, қала әкімі «Достар компаниясы» ЖШС директорының көк базарды қайта жаңғырту жоспары туралы есебін тыңдады.

Директордың айтуынша, көк базардың орнына жақында 400 авто көлік сыятын тұрағы бар 1000 орындық жаңа павильон салынбақ.

 

Келесі бағытты әкімшілік тобы «Сарыарқа» базарына бағыттады. Онда жұмыс тобы азық-түлік бағасының бұрынғы деңгейде қалғанына көз жеткізді.

Сондай-ақ, қала әкімі Бауыржан Байбек Орталық дәріханадағы әлеуметтік маңызы бар дәрілердің бағасын тексерді. Дәріхана басшылығы айтқандай, әкімшілікпен 2015 жылы келісілген меморандумға сәйкес 200-ден астам дәрінің бағасы биыл сол қалпында қалады.

Айта кетейік, елде жаңа экономикалық саясат енгізілген соң Алматыда әлеуметтік маңызы бар тауарларға бағаны тұрақты болып қалуын қадағалайтын штаб құрылды.

Азық-түлік тауарларына бағалардың негізсіз көтерілуі фактілері туралы тұрғындар енді мына телефондар арқылы хабарлай алады:

Азық-түлік тауарларына бағалардың негізсіз көтерілуі фактілері туралы тұрғындар енді мына телефон нөмірлеріне:

Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы: 272-01-99,

Алатау ауданы 2998672,

Алмалы ауданы 2998672,

Әуезов ауданы 3034269,

Бостандық ауданы - 2744550

Жетісу ауданы 3842778,

Медеу ауданы - 2916645,

Түрксіб ауданы 2357007,

Наурызбай ауданы бойынша 2970412 нөмірлеріне хабарлай алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/863822-almatynynh-akimi-kok-bazardaghy-baghala/

pixel