Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қанша қазақстандық бойжеткен халықаралық секс-трафиктің құрбанына айналды?

Жарияланған күні:

Сексуалдық құлдықтың құрбанына айналған қазақстандық бойжеткендердің 10%-ы ғана шетелге әкетіледі. Қалған 90%-ы Қазақстанға өзге елдерден келгендер мен ауылдан қалаға келген бойжеткендер.

Бұл туралы «Караванға» сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Әлемдегі адам саудасының жағдайын саралайтын АҚШ мемлекеттік департаментінің осы жазда жария еткен жыл сайынғы есебінде «қазақстандық әйелдер мен қыздар Таяу Шығыс елдеріне, Еуропаға және АҚШ-қа сексуалдық саудада сатылып жатқаны» айтылады.

Есеп нәтижелерінен қазақстандықтардың халықаралық секс-трафиктегі үлесі қанша екені белгілі болды.

«2014 жылда мұндай жағдай орын алған болатын. Ал осы жылда болған емес. Қазақстандықтар өздері Түркияға, БАӘ-ге және Таиландқа оқу немесе жұмыс үшін шығып, оқыс жағдайға тап болған. Бір жағдайда бойжеткен массаж салонында жұмыс істемек болған, ал екіншісінде - биші, хостес болып жұмысқа тұрғысы келгендер табылған... Олар үйге оралғанда, психологтарға жүгіну үшін бізге келді», – дейді адам саудасының құрбанына айналғандарға уақытша баспана ұсынатын астаналық «Көмек» орталығының директоры Анна Рыль.

Өскемендегі «Феникс» даму және бейімделу орталғының директоры Назигүл Ахметқалиеваның айтуынша, шетелге келген бойжеткендерді алдымен қарыздар еткен.

Ал қарызды өтеу кезінде жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. Осындай жүйемен 2009 жылы ішкі сексуалдық құлдық та жүзеге асырылған.

Миграция бойынша халықаралық ұйым Қазақстанда бүгінде адам саудасының 47 пайызын ішкі сауда алатынын, ал 43 пайызды шетелден Қазақстанға ақша табуға келгендер құрайтынын айтуда.

Көбіне құрбанға айналатындар - Өзбекстан азаматшалары. Қалған 10 пайызы - шетелге саудаға түсетін қазақстандық бойжеткендер.

Олардың дені Түркияға, Ресейге, БАӘ-ге сатылуда. Шетелге сатылған бойжеткендердің 80 пайызы сексуалдық саудаға түседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/880448-qansha-qazaqstandyq-boyzhetken-khalyqa/