RU

Астаналық шенеуніктің ұлынан жәбір көрген бойжеткеннің есімі белгілі болды (фото)

Астанадағы «Кинопарк-8 Сарыарқа» кинотеатрында шенеуніктің ұлы Қуаныш Тұракелдиевтен жәбір көрген бойжеткен Меруерт Керімбердиева есімді 21 жастағы тұрғын болып шықты.

Бұл туралы Today.kz-ке сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Астана прокуратурасының баспасөз қызметі бойжеткенге қатысты мәліметтер берді.

Белгілі болғандай, 21 жастағы зардап шеккен бойжеткеннің аты-жөні - Меруерт Керімбердиева.

Сол арада, танымал қазақстандық заңгер Жангелді Сүлейманов Қуаныш Тұракелдиев есінен адасқан адам деген болжамын жасады. Ол бұл туралы өз Facebook парақшасында жазған.

«Тұракелдиветі есінен адасқан деп тану керек. Себебі есі дұрыс адам мұндай қылық көрсетпейді. Психиатриялық сараптамадан өткізіп, тексеру керек... Бұл адам қоғамға қауіп төндіреді... PS менің болжамдарым расталды, азамат есінде түк жоқтығын айтты. Бұл психикалық ауытқушылықтың бір белгісі», - дейді Сүлейманов.

Еске салсақ, 14 қыркүйекте салқын сусын сатып алу кезінде 22 жастағы жігіт жанжал шығарып, кассир бойжеткенді тепкен болатын. Оның видеосы әлеуметтік желілерде тарап кеткен.

Кейін бұзақылық жасаған жігіттің премьер-министр кеңсесіндегі бас инспектор Болат Тұракелдиевтің ұлы екені анықталды.

Астана қаласының ІІД полицейлердің бұл іске қатысты тергеу жүргізіп жатқанын мәлімдеді. Төбелес ашқан жігіт қамауға алынды.

Көп ұзамай Тұракелдиев бойжеткенге қалай тап бергені есінде жоқтығын, өзін басқара алмайтындай ашулы күйде болғанын алға тартты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/894084-astanalyq-sheneuniktinh-ulynan-zhabir-k/