Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында колония қызметкері жазасын өтеушіден пара ретінде көліктің шамдарын алған

Опубликовано:

Екібастұз қаласында АП-162/10 түзету мекемесі жедел тобының қызметкері Б. Тайлақов жазасын өтеп жатқан азаматтан пара түрінде автоккөліктің 10 000 теңге тұратын екі жарық шамын алған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл жөнінде агенттікке облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады. Есесіне Б. Тайлақов абақтыға отырған азаматқа қолайлы жағдай жасауға уәде берген.

Нәтижесінде қалалық соттың үкімімен Б. Тайлақов Қылмыстық кодекстің 366-бабы, 1-бөлімі бойынша қылмыс жасағаны үшін айыпты деп танылды. Сондай-ақ оның жеке басына тиесілі мүлігі тәркіленіп, 500 мың теңге көлемінде айыппұл төлеуі тиіс.

Бұған қоса, ол өмір бойы мемлекеттік қызметте және жергілікті басқару органдарында жұмыс істеу құқығынан айырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/910165-pavlodar-oblysynda-koloniya-qyzmetke/

pixel