Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ОҚО-да бір ай ішінде 150 мың теңге тауып бермеген әншілерді жұмыстан қысқартып жатыр

Жарияланған күні:

Оңтүстік Қазақстан облыстық опера және балет театрының хор әртістері басшылық қызметін асыра пайдаланып жатқанын жеткізген.

Бұл туралы Отырар арнасы хабарлады.

Ұжым әртістері хормейстер «1 айдың ішінде 150 мың теңге көлемінде параны» әкеліп тапсырмаса, әншілер қысқарту бойынша қызметтен кететінін айтқан. Солардың бірі – хор әртісі Айнұр Жүнісбекова.

«Менен ғана емес, мен білетін тағы 3 қыздан 150 мың теңгеден бас-аяғы 450 мың теңгені Серік Салдаров сұрап отыр. Қызметімде ешқандай кемшілігім жоқ, мен өзіме тапсырылған партияны, тапсырманы дер кезінде ойдағыдай тапсырамын. Айт деген әнді айтамын, жұмысқа да кешіккен емеспін. Өз жауапкершілігімді жақсы білемін. Тіпті түсініктеме немесе сөгіс те алған емеспін. Неге мені жұмыстан қысқартатынын түсінбеймін?! Менің 150 мың теңге ақшам жоқ!», - деді әртіс.

Театрдың келесі бір әртісі Мөлдір Бегімбетова болса, хормейстер «ол ақшаны мәдениет басқармасы жинатып жатыр» деп айтқанын жеткізген.

Театр директоры бұл жайттан алғашында бейхабар болған көрінеді.

«Біздің театрда ешқандай қысқарту немесе қысым көрсету дегенді көрген жоқпын. Ал хор дирижері Серік Салдаров өзінің іс-әрекеті туралы, яғни, әртістерден өзінің ақша талап еткені туралы түсініктеме жазды. Қаржы талап етіп, әртістерге қысым көрсеткенін растап отыр», - деді облыстық опера және балет театрының директоры Жәнібек Тағаев.

Бір қызығы, «пара» талап етті деп кәні тағылған хор дирижері ақшаны басшылықтың талап еткенін, бірақ ол сома әлі жиналып алынбағанын айтып, «ақшаны өзім талап еттім» деген түсініктемені қысыммен жазғызғанын алға тартқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/910827-oqo-da-bir-ay-ishinde-150-mynh-tenhge-tauyp/