Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде жас жұбайлар Сапарбаевпен түскен суреттерін төрге іліп қойды (фото)

Жарияланған күні:

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың суреті осыдан екі жұма бұрын отау көтерген Мақсат пен Самал Жүнісовтердің төрінде тұр. Жастар мұны жақсы ырымға балайды деп жазады Керек-инфо.

Жас шаңырақ иелері облыс басшысымен түскен суреттерін әдемі рамаға салып, төрлеріне іліп қойған. “Нұрғасыр” мешітінің фонында түсірілген суретте жас келін жары Мақсат пен облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың ортасында тұр. Жылы жымиып тұрған үшеудің суретін әлеуметтік желідегі жұрт жапатармағай бөлісіп, ұнатып жатты.

Самал Жүнісованың айтуынша, бұл сурет Ақтөбедегі сулы-жасыл гүлзарда 4 қазан күні түсірілген. Тойдан бұрын сейіл құрып жүрген жастардың есінде сол күні шаңды дауыл тұрғаны мықтап сақталып қалыпты. Әншейінде кісі қарасы көп гүлзарда сол күні бейсауыт адам болмаған.

"Түстен кейін сағат 4-тер шамасында қыдырып, естелік суретке түсіп жүргенбіз. Әкім көмекшісімен бірге саябақты аралап жүр екен. Ержан есімді жолдас баламыз “Бердібек Сапарбаевпен суретке түсейікші?” деп қоймады. Біз ол кісіге өтініш жасауға бастапқыда қатты ыңғайсыздандық. Қанша дегенмен лауазымы жоғары, шаруасы көп адам ғой... Бетімізді қайтарып, тауымыз шағылуы да мүмкін еді. Бірақ әкім ағай жақсы адам екен. Суретке түсуге қарсылық танытқан жоқ. Бір емес, екі рет суретке түстік. Батасын берді. Бізге бақыт тіледі",-дейді 21 жастағы ақтөбелік Самал Жүнісова.

Жастардың ең алғашқы отбасылық альбомындағы бір суретте Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев сейіл құрған бір топ жастың ортасында тұр. Той иелерінің айтуынша, бұл суреттің электронды нұсқасы жастардың арасында тез таралып кеткен.

"Әлеуметтік желілерде де таныс, бейтаныс адамдар облыс басшысын бірден танып, like түймешесін (әлеуметтік сервистердегі “ұнайды” “құптаймын” дегенді білдіретін белгі) басып жатты",-дейді жас келін.

Жас отаудың иесі Мақсаттың сөзіне қарағанда, жастардың әкіммен суретке түскеніне, әсіресе, үлкендер жағы қатты қуанған.

"Үлкендер жақсы ырымға балап жатыр. Ағаларымның бірі алғашында біздің Бердібек Сапарбаевпен суретке түскенімізге сене қоймаған. Суретті көрген соң "саябақта әкім жүреді деп кім ойлаған?" деп таң қалып жатты",-дейді күйеу жігіт.

Жүнісовтер отбасының жас келіні Самал үлкендерден “атқа мініп, елдің қамын ойлар ұл тап” деп бата алған. Самалдың төркін жұрты да қуанышты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/936832-aqtobede-zhas-zhubaylar-saparbaevpen-t/